- Advertisement -

Жұмысты жүйелеуді жүктеді

94

- Advertisement -

Облыс әкімі қызметіне тағайындалғаннан бері салалық басқарма басшыларын қабылдап, Тараз қаласының тыныс-тіршілігімен танысқан Асқар Мырзахметов кеше Жуалы ауданына жұмыс сапарымен барды. Өңір басшысы аймақтағы өндірістік, әлеуметтік нысандарды аралап көріп, ондағы өзекті мәселелерді шешу жайына баса назар аударды.

Облыс әкімінің ауданға сапары ең алдымен қуаттылығы 50 мегаватт болатын Орта Азиядағы ең ірі күн электр стансасы «Бурное Солар –1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен басталды. Мұнда Асқар Мырзахметовке аймақтағы энергияның қайта қалпына келетін түрлерін дамыту жайы баяндалды. Шетелдік инвесторлардың атсалысуымен жұмысын бастаған серіктестік күні бүгінге дейін жалпы құны 3,3 миллиардты құрайтын 82,4 миллион киловатт электр энергиясын өндірген.
Келесі кезекте, өңір басшысы «Гамбург» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тыныс-тіршілігімен танысты. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын серіктестікте қазіргі таңда 125 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Асқар Исабекұлы жауапты тұлғаларға серіктестіктің өз қаражаты есебінен басталған сүт тауарлы фермасының құрылысын мемлекеттік қолдау жолдарын қарастыруды тапсырды.
Сонымен бірге, аудандағы жұмыс сапары кезінде А.Мырзахметов «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасының да техникалық жағдайымен танысты. Қазіргі таңда су қоймасына 72 миллион текше метр су жиналған. Жалпы сыйымдылығы 145 миллион текше метр болатын қойманы қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Өңір басшысы Алатау ауылындағы 60 орындық №23 орта мектебінде де болды. Бүгінде білім ошағында 105 оқушы білім алады. Оларға 25 мұғалім дәріс береді. Елді мекендегі бала санының өсуі жаңа мектепті қажет етіп отыр.
Ауданға сапары кезінде облыс әкіміне қысқы спорт түрлеріне арналған «Көксай» мен «Қаралма» тау шаңғысы кешендерінің құрылысы жүргізілетін орын таныстырылды. Мұнда бір мезгілде 3000-нан 5000 адамға дейін қызмет көрсететін демалыс орталықтары бой көтереді. Демалыс орталықтарында қыс айларында тау шаңғысы мен сноубордпен айналысуға мүмкіндік берілсе, жаз айларында велотуризм, жылқымен серуендеуге жағдай жасалады.
Мұнан әрі облыс әкімінің сапары «Ақсай 2016» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінде жалғасын тапты. Қазір мұндағы ірі қара малдың жалпы саны 1350-ге жеткен. Кооператив ашылғаннан бері 388 тонна өнім өндіріп, 3 380 мың теңге көлемінде субсидия алған.
Облыс әкімі ауданға барған жұмыс сапарында «Бурное сүт компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі жұмыс-тардың да барысымен танысты. Табиғи ірімшік және сары май, жоғары температурада өңделген табиғи сүт өндіретін серіктестікте 62 адам еңбек етеді. Кәсіпорын өткен жылы 8300 тонна сүт, 584 тонна ірімшік, 162 тонна сары май және 4800 тонна жоғары температурада өңделген табиғи сүт өндірген.
Бүгінде ауданда 14 ауылдық округ болса, соның 12-сінің дербес бюджеті бар. Алайда аудан және ауыл әкімдіктері арасында байланыс үзілген. Алдағы уақытта аймақ басшысы бұл олқылықты жүйелеуді жауапты тұлғаларға тапсырды.
Сапар соңында аймақ басшысы аудандағы Б.Момышұлы мемориалдық музейіне атбасын бұрып, тарихи жәдігерлермен танысты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support