- Advertisement -

Өскеменнен олжалы оралды

102

- Advertisement -

Жеңіл атлетикадан ересектер арасындағы Қазақстанның кезекті чемпионаты шырайлы шығыстағы Өскемен қаласында өтті. Аталмыш жарысқа еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан 149 спортшы қатысып, бәсеке көрігін қыздыра түсті.
Ел біріншілігінде жамбылдық оғландар да бақ сынап, жүлдегерлердің қатарынан көрінуге тырысып бақты. Аталмыш додада Жамбыл жерінен Светлана Голендова бастаған кіл мықтылар топқа түскенінің өзі жерлестеріміздің айтулы аламаннан құр алақан қайтпайтынын айғақтап тұрғандай еді. Солай болды да.
Қазақстан чемпионатында талай халықаралық аламандарда жұлдызы жанған Светлана Голендова екі бірдей жүлдені қоржынға салды. Алдымен 200 метр қашықтықта жарыс жолына шыққан ол елімізде өзіне тең келетін қарсылас жоқ екенін дәлелдеп, алтыннан алқа тағынса, 400 метрдің кіл жүйріктері бақ сынаған аламанда күміс жүлдеге қол жеткізіп, мерейімізді тасытты.
Желден жүйрік желаяқтар додасынан Михаил Красилов пен Дмитрий Иванчуков та олжалы оралды. Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы Михаил Красилов 3 шақырымдық жарыста ел чемпионы атағына қол жеткізсе, бір жарым шақырымдық қашықтықта күміс жүлдені мойнына ілді. Дмитрий Иванчуков та ел чемпионатының алтыны мен күмісін иеленді. Ол алдымен 2 шақырым қашықтықта қарсыластарын шаң қаптырса, 3 шақырымдық аламанда күміс жүлдегер атанды.
Зифа Галиуллина жаттықтыратын облыс құрамасы осылайша Қазақстан чемпионатынан 3 алтын, 3 күміс медальды қоржынға салып, толайым табыстармен оралып отыр.

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support