Boxrec Мұсаның жеңістерін қайтарды

0
20

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мұса Тұрсынғалиевтың бірқатар жекпе-жегін бұрынырақта Boxrec.com сайты есепке алмай қойған болатын. Енді бокс әлеміндегі ең беделді сайт Мұсаның бірқатар шайқастарының нәтижесін қайта қарап, қазақстандықтың жеңісін мойындап отыр.
Негізінен Мексика жерінде жұдырықтасып жүрген Мұса кәсіпқой бокс әлемінде сегіз кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен еді. Ол өзі жұдырықтасқан кездесулердің басым көпшілігін мерзімінен бұрын аяқтап келеді.
Бұған дейін Тұрсынғалиевтің жеңісті жорықтарын Boxrec.com сайты неге есептемегенін белгілі бокс сарапшысы Григорий Стангрит өз тұжырымына сәйкес тәптіштеп айтып берген. Сондай-ақ Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко да осы мәселені кеңінен қаузаған-ды. Өзге де мамандар аталған мәселеге қатысты пікірлерін білдірген.
Енді, міне, атағы алысқа кеткен сайт қызметкерлері Мұсаның алты шайқасын есепке алып, ресми түрде боксшының парақшасына енгізді. Кәсіпқой бокс заңына сай, өткізген жекпе-жектерің кәсіпқой бокс қауымдастықтары тарапынан мақұлданбаса, Boxrec.com оны рейтингке қоспайтыны аян. Бұл жерде сондай түсінбеушілік орын алған секілді. Соған қарағанда негізгі төрт тұжырымның бірде-бірі Мұса Тұрсынғалиевтың екі кездесуін ресми түрде мақұлдамаған көрінеді. Өйткені оның жеңістері мен жеңілістері жазылатын профилінде алты шайқастың ғана нәтижесі тұр. Жеңіл салмақта сынға түсіп жүрген отандасымыз рейтингіде көтерілгісі келсе, ендігәрі беделі қалыптаса бастаған былғары қолғап шеберлерімен қолғап түйістіргені жөн болмақ.

Жауап қалдырыңыз:

Өз пікіріңізді енгізіңіз
Өз атыңызды енгізіңіз