- Advertisement -

Маңызды құжат түсіндірілді

110

- Advertisement -

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын түсіндіріп, насихаттау мақсатында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, партияның облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі Мұратхан Шүкеев 2200-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырған «Қазфосфат» ЖШС «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты» бастауыш партия ұйымында болып, жұмысшылармен кездесті.
Жиынды ашып, тарихи құжаттың маңыздылығына тоқталған партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары өз сөзінде:
– Елбасының әр жылғы Жолдауы – тарихи құжат. Оның қайсысын алып қарасақ та стратегиялық маңыздылығымен қоса, белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталып отырады. Биылғы Жолдауда Қазақстанның Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жүйелі түрде жаңғыруы үшін жүзеге асырылуға тиіс нақты шаралар айқындалған. Онда барлық әлеуметтік және экономикалық салалардағы жаңа мүмкіндіктерді ашатын 10 негізгі міндет белгіленді. Осы міндеттердің орындалуына атсалысу – барша қазақстандықтардың азаматтық борышы, – деді.
«Нұр Отан» партиясы облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі, «Қазфосфат» ЖШС-ның бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров те Жолдаудағы міндеттер мен мақсаттар еліміздің әлеуетін көтеруге мүмкіндік беретінін атап көрсетті.
Жиында 2009 – 2017 жылдар аралығында еңбек өнімділігін 4 есеге дейін арттырған зауыт жұмысшылары да ой-пікірлерін ортаға салып, еліміздің дамуына үлес қосып, өнімділікті одан әрмен жоғарылата беретіндіктеріне сендірді.

Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support