Қойшы «Қазақваген» көлігін ойлап тапты

12

Облысымыздың тұрғыны, қарапайым қойшы үш дөңгелекті мотоциклден автокөлік жасап шықты. «Қазақваген» деген атқа ие болған ерекше көлікті оның көршілері видеоға түсіріп, желіге жариялаған. Ал өнертапқыш Төлеген Юсуповтың өзі танымал болу туралы мүлде ойламапты.
Көлік өте үнемді. 100 шақырым жерге 1 литр ғана жанармай шығындайды. Сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүреді. Негізінен күн батареясымен жұмыс істейді. Тіпті жүк салғышы да бар.
– Көлік жасап шығуда ешқандай шығын болған жоқ. Мотоциклге қозғалтқыш пен рөл салдым. Сосын сыртын алюминиймен қаптадым. Ішінде бәрі бар: қуаттағыш, пеш, кондиционер, музыка. Бұл көлікпен өріске шығып, мал бағамын. Кез келген ауа райында қолданамын, бұзылмайды, – дейді Төлеген Юсупов.
Сонымен қатар ол өзінің көлігін дауылда да, қақаған аязда да, аптап ыстықта да қолданатынына сенеді. Тіпті онымен бауырлары мен достарының тойына баруға да ұялмайтынын айтады. Көліктің іші өте ыңғайлы. Онда 3 адамға дейін отыруға болады.
Өнертапқыш көлігін әлі де дамытып, жетілдіру жолдарын қарастырып жүр екен. Қарапайым қойшының бұл еңбегі халықты тамсандыруда. Бір атап өтерлігі, бүгінде «Қазақваген» көлігіне тапсырыс беріп қойғандар да бар екен.

«Ақ жол-Ақпарат»

Leave A Reply

Your email address will not be published.

микро займ на карту