- Advertisement -

Ел ертеңінің жарқын болатынына сенім мол

178

- Advertisement -

Біз – ел қорғанысының қызметшілеріміз. Әскери сала мамандары таңның атысы, күннің батысы қызметте жүрсе де Елбасымыз, Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты мен бірегей бастамаларына үн қосып отырмыз.

Жуырда Президент «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жария етті. Жолдаудағы он бағыт – іргелі істердің бастамасы, өркендеу жолының жалғасы болып, дамудың жаңа мүмкіндіктерін айқындап берді.
«Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстанды құрдық» деп Елбасы айтқандай, біз өткен жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болдық. Ал биыл қаңтар айынан бастап оған төрағалық етудеміз.
Елбасы айтқандай, «Біз дүниежүзілік ЭКСПО мамандан-дырылған көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасындағы бірінші мемлекет болдық. Қазақстанда табысты жұмыс істеп келе жатқан нарықтық экономика моделі қалыптасты». Міне, еліміздің әлемдік аренадағы келбеті мен болмысы.
Орайы келгенде ойымдағыны бөліссем, Жолдау жолдарынан маған ұнағаны – Елбасының кезекті рет білім саласына назар аударуы. Өйткені бұл – әскери білім алушыларға да, елдің келешегіне де қатысты. «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мұндағы міндеттер мен тапсырмалардың орындалатыны да күмәнсіз. Ендеше, ел ертеңінің жарқын болатынына да сенім мол.

Айдос ДАМАЕВ,
полковник, 91678 әскери
бөлімінің командирі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support