- Advertisement -

Қала – қарбалас

115

- Advertisement -

«Қыс шанаңды жаз сайла» деп халқымыз текке айтпаса керек. Осы маусымда табиғат тосын мінез танытып, адамдарды әбігерге салуы әбден мүмкін. Оған сақадай сай дайын болу – көп қиындықтардан дер кезінде жол тауып, шығуға септігін тигізеді.

IMG_2299Қаңтар айының екінші онкүндігі басталғалы Тараз қаласында және облысымыздың басым бөлігінде қардың үздіксіз жаууына қарамастан, құзырлы орындар тарапынан тиісті жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімшесінің басшысы Омар Тәкеев мәлімдеді. Оның айтуынша, 3-4 күннен бері жауған қардың қалыңдығы облыс орталығында 22 сантимерге жетсе, Талас пен Сарысу аудандарында – 25-30, Жуалыда – 28-35, Мойынқұмда – 20-22 сантиметрді құраған. Өңіріміздің өзге аудандарында да осы шамалас.

Жоғарыдағы деректер он бесінші қаңтар күнгі мәлімет екенін ескерсек, «Қазгидромет» синоптиктерінің хабарлауынша, әлі 1-2 күн жауады деп күтілген қардың қалыңдығы тағы да арта түсетіні сөзсіз. Десе де, тұрғындар мен көліктердің еркін қозғалып, жүріп-тұруына кедергі келтірмес үшін жолдарды, қоғамдық орындарды үйілген қалың қардан арылту шаралары қызу атқарылуда.
– Өңіріміздің барлық аумақтарында түсіп жатқан қар мөлшері аса қалың болмағанымен, оны тазалау жұмысы басты назарда ұсталып отыр. Республикалық мәндегі автожолдарды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы мамандары өз бақылауларына алуда. Ал Тараздағы қалаішілік шараларға келетін болсақ, тазалау жұмыстарына барлығы 61 техника жұмылдырылуда. Оның 39-ы «Жасыл Ел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникасы болса, қалғаны қала маңындағы тұрғындар мен әртүрлі компанияларға тиесілі. Оған қоса 300 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, – дейді Омар Бекболатұлы. Сондай-ақ осыған дейін 2600 текше метр қар қала сыртына шығарылғанын айтқан ол жолдарға тұз және құмдар қажетінше себілуде екенін жеткізді.

Суреттерді түсірген Ақәділ рысмахан.

Жанғазы АХМЕТ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support