- Advertisement -

Көше ортасындағы төбелес

153

- Advertisement -

Тараз қаласында бір топ жігіттің көшенің қақ ортасында жалғыз адамды жабылып сабап жатқан бейнежазбасы тарап, жұртшылықтың жағасын ұстатты. Бұл жағдай көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі «Фольксваген» темір тұлпарын тізгіндегендерді тоқтатып, ішінен бір топ жігіт шығып екінші көліктің артқы есігінен бір адамды жұлқып түсіріп, жабылып тепкінің астына алады. Сол жерде жолаушысын тастап тайып тұрған көлік иесі қайта айналып келіп, төбелес бастағандарды соғып өте шығады.
Осыған қатысты, облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесіне сүйенсек, биылғы жылдың 1 қаңтарында сағат 1.30 шамасында 29 жастағы азамат жол-көлік оқиғасы салдарынан алған түрлі дене жарақаттарымен Тараз қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына түсіп, есін жимастан жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Қазіргі таңда аталған дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында жәбірленушінің дене жарақаттарын Тараз қаласы тұрғынының басқаруындағы «Фольксваген Гольф-3» автокөлігімен қасақана қағып кету салдарынан болғаны расталып, күдіктіні ұстау шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ «ВАЗ-2114» автокөлігінің 4 жолаушысы тарапынан бұзақылық оқиғасы орын алғаны анықталып, оларға іздеу жарияланды.

Шынар САҒИЕВА 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support