- Advertisement -

Тұлға рухына тағзым

122

- Advertisement -

12 қаңтар – Дінмұхамед Қонаевтың туған күні. Биыл алаштың ардақты ұлының дүниеге келгеніне – 106 жыл. Бұл күні тараздықтар ұлты үшін туған дара тұлғаның ескерткіші алдына жиналып, тұлға рухына тағзым етті.

Тараз қаласы әкімінің орынбасарыв Жасұлан Ханалиев бастап, қалалық ардагерлер кеңесі мүшелері, мәслихат депутаттары, Тараз қаласына қарасты барлық бөлімдер мен мекеме қызметкерлері, білім беру және денсаулық сақтау саласының өкілдері Дінмұхамед Қонаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, алаштың аяулы ұлының рухын ұлықтады.
«Ел – ырыстың кілті, ер – ырыстың қорғаны» дегенді қазақ текке айтпаса керек. Қазақ елінің қорғаны, жоқшысы әрі сақшысы болған Дінмұхамед Қонаев есімі ешқашан ұмытылмақ емес. Өйткені артында қара ормандай қалың қазағы бар.

Табиғат АБАИЛДАЕВ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support