- Advertisement -

Халық денсаулығы – басты назарда

88

- Advertisement -

Басты капитал халықтың денсаулығын сақтау мәселесі ешқашан мемлекет назарынан тыс қалмайды. Бірақ, бұл міндет жұмыс беруші мен тұрғындарға да жүктелетінін ұмытпаған жөн. Осы үш таған бірлескенде ғана жауапкершілік артып, іс ілгері басады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында осыны айқын түсіндіріп берді. Денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшетінін, мұндай жүйенің аса қажет екенін айтқан Президент Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі іске асырмаған дайындық жұмыстарын тыңғылықты жүргізуді талап етті.
Өткен жылы Мойынқұм ауданында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үш кезеңде жүргіздік. Алғашқысында 2989 адамды қамтыған 13 іс-шара өткізілді. Келесі кезеңде түсіндіру жұмыстарының аудиториясы кеңейіп, барлығы 14319 тұрғынмен 68 рет кездесу ұйымдастырдық. Дайындық жұмыстарының екінші сатысында ақпараттық жұмыстармен қатар, мамандардың біліктіліктерін арттыру міндеттелген болатын. Бекітілген кестеге сәйкес аудандық орталық ауруханасының 44 дәрігері, 245 медицина кызметкері жоғары қоғамдық денсаулық сақтау орталығына оқуға жіберіліп, білімін жетілдіріп келді.
Жаңа жүйеге көшуге дайындықтың үшінші кезеңінде жұмыс берушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. 26 кездесуге 6810 жұмыс беруші шақырылды. Сондай-ақ мамандар үй-үйді аралап, тұрғындарға жаңа жүйенің тиімділігі жазылып көрсетілген арнайы буклеттерді таратып шықты.
Жалпы, елімізде халыққа тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі ұсынылатыны мәлім. Дегенмен, аты айтып тұрғандай, оның белгілі көлемі бар. Ал міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу арқылы осы кепілді көмекке енгізілмеген қызметтерді пайдалану мүмкіндігін арттыруға жол ашады. Міне, сол себепті Елбасы Қазақстандағы кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемінің жаңа моделін әзірлеуді тапсырып, тұрғындарға мемлекет тарапынан кепілдік берілмеген қызметтерді Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде немесе ерікті медициналық сақтандыру, сондай-ақ бірлесе төлеу арқылы алуына жағдай жасауды тапсырып отыр.

Жайдар ӘЙТІШЕВ,
Мойынқұм аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, облыстық мәслихаттың депутаты

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support