Иран мен Бахрейнге экспорт артады

7

Берік Егембердиев, «Меркі-ет комбинаты»
ЖШС-ның директоры:

– Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында атап көрсеткен 10 басымдықтың үшінші бағытында «Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек» деп айрықша атап көрсетті.
Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуды қамтамасыз етуді тапсырған Елбасы бұл мәселені шешуге еліміздегі барлық аграрлық кешеннің түбегейлі бет бұруы маңызды екенін алға тартты. Бұл шешім еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі өңделген өнім өндірісін өркендетуге жаңа серпін берері сөзсіз.
Мысалы, мен жетекшілік ететін «Меркі-ет комбинаты» ЖШС бүгінде тәулігіне 1500 басқа дейін ұсақ және 300 бас ірі қара малын сойып, өңдеуге толық мүмкіншілігі бар. Мұнымен қоса, Мықанды елді мекенінде комбинатқа қарасты 3000 бас мүйізді ірі қара малға арналған мал бордақылау кешенін салып, іске қостық. Қазіргі уақытта облысымыздағы шаруа қожалықтар мен ауыл тұрғындарынан күніне 150-300 бас ұсақ мал алынып, комбинатта сойылып, өңделуде. Былтыр комбинатымыз толық модернизациядан өтті. Пәкістандық және ирандық әріптестерімізбен заманауи жаңа өндіріске арналған, брикеттелген етке және етті 50 градусқа дейін тоңазытуға мүмкіндік беретін 100 миллион теңгелік қондырғылар орнаттық. Иран мен Бахрейн корольдігіне ет экспорттау бойынша ұзақ мерзімді келісімшартқа отырып, былтыр 214 тонна қой етін экспорттадық. Биыл қаңтар айының он күндігінде Иранға – 20 тонна, Бахрейнге 2,5 тонна сапалы қозы етін жөнелттік. Ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 1000 тоннаға жеткізуді көздеп отырмыз.
«Меркі-ет комбинатын» қарқынды дамыту мақсатында осы жылы бұқтырылған өнім шығаратын цехты және сапалы экологиялық таза шұжық цехтарын іске қосуды жоспарлап отырмыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.

микро займ на карту