- Advertisement -

Еңбек өнімділігін арттыруды көздейді

86

- Advertisement -

Серғали АЙДАПКЕЛОВ,
облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы

Күні кеше жариялан-ған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың елімізді Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамуға бағыттайтын Жолдауында Қазақстан индустриясы жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс екендігі атап көрсетілді.
Бұл – ұтымды ақпараттық-технологиялық шешімдерді агроөнеркәсіп кешеніне, транспорт пен логистиканың құрылымдарына, құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарына енгізе отырып, экономиканың өндіруші секторларында еңбек өнімділігін арттырудың бірден-бір жолы. Ал ол өз кезегінде елімізде адам капиталының жаңа сапасына сұранысты арттыратыны анық.
Сондықтан Жолдауда кәсіби стандарттардың талаптарын ескере отырып, «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беруді» жүзеге асыру көзделген. Бұл – адамдарды нәтижелі жұмысқа тарта отырып, жеке кәсібін бастауына және жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін бірден-бір шешім.
Отанымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған Жолдаудың жүзеге асуына жан-жақты қолдау көрсету баршамыздың азаматтық борышымыз деп білемін.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support