- Advertisement -

Басты міндет – елбасы тапсырмаларын орындау

79

- Advertisement -

Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев пен Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысты.
Отырыс барысында Үкімет басшысы Президенттің облыстық мәслихат депутаттарына бағытталған облыс әкімі қызметіне Асқар Мырзахметовті тағайындау туралы ұсынысы жазылған хатты оқып берді. Депутаттар Мемлекет басшысы ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады.
Бұдан кейін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков облыс активімен кездесіп, жиын барысында жаңа әкімді таныстырды.
Үкімет басшысы облыстың бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаевқа бірлесіп атқарған жұмыс үшін алғыс айтты. Таныстыру барысында Бақытжан Сағынтаев Асқар Мырзахметовтің түрлі жауапты басшылық лауазымдардағы мол тәжірибесін атап өтіп, жаңа басшылыққа Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру бойынша бірқатар нақты міндеттер қойды.
Сондай-ақ, облыс активімен кездесуде «Қазфосфат» ЖШС-ның бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Жандар Кәрібаев сөз сөйледі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support