- Advertisement -

Жүк тиеу көлемі еселенді

125

- Advertisement -

Өткен жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы – ЖТ-Жамбыл жол бөлімшесі жергілікті ірі кәсіпорындармен етене жұмыс жүргізіп, жүк арту көлемін арттырды. Әрине, бұл мақсатта жүк тиеу мен арту көлемі ұлғайды деуге толық негіз бар. Атап айтқанда, өткен жылы «ЖЦПК» ЖШС Мыңарал стансасынан 3 миллион 322 мың 135 тонна цемент артып, ол өнім еліміздегі бірқатар стансалар мен көрші жатқан Қырғыз еліне жөнелтілді. Ал бұл көрсеткіш алдыңғы 2016 жылмен салыстырғанда 5,635 мың тоннаға артып, 100,4 пайызға өсті. Сондай-ақ, аймақтағы ең ірі кәсіпорынның бірі «ЕуроХимҚаратау» ЖШС Жаңатас стансасынан 2017 жылы 542,607 мың тонна фосфорит өнімін тиеп, Ресей мемлекетіне жөнелтті. 2016 жылмен салыстырғанда 179,932 мың тонна артық тиеліп, 150 пайызға жетті. Өңірдегі ірі химия өнеркәсібі «Қазфосфат» ЖШС өткен жылы аймақтағы Жаңатас, Қаратау, Бугунь, Табақбұлақ, Шайқорық стансаларынан тиелген өнімдерін еліміздің өзге өңірлерімен қатар, Ресей, ТМД мемлекеттеріне экспорттады. Өткен жылғы тиелген өнім көлемі – 2 миллион 79 мың 876 тонна. Ал 2016 жылы 1 миллион 570 мың 46 тонна өнім тиелген болатын. Сөйтіп, есепті мерзімде жүк тиеу көлемі 509, 830 мың тоннаға артып, жоспар 132 пайызға орындалды.
Жамбыл жол бөлімшесі жергілікті ірі кәсіпорындармен жүк тиеу және арту бойынша тиімді жұмыс жүргізіп келеді. Өйткені, жүк тиеу көлемі артқан сайын теміржолшылардың табысы да, жұмысы да еселене түседі. Мұндай ауқымды жұмыстар ағымдағы жылы да жалғасын табатын болады.

Берік АҚШАЛОВ,
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ
филиалы – ЖТ-Жамбыл жол
бөлімшесінің директоры

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support