- Advertisement -

Жаңа технологиялар – тың мүмкіндіктер

85

- Advertisement -

«Нұр Отан» партиясының «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы 2020 жылға қарай мемлекеттік қызмет көрсетулердің кемінде 80 пайызын автоматтандырумен қамтылуын, ал әлеуметтік маңызды қызмет көрсетулердің «электрондық үкімет» және «электрондық әкімдіктер» шеңберінде толық электрондық нысанға көшірілуін, сот мәжілісі залдарының заманауи аудио-бейне құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуді қарастырған. Мұндай талап Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында да нақты көрініс тапқан. Сот төрелігінің әділ әрі ашықтығын қамтамасыз ету үшін жүйені жетілдіруді тапсырған. Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану сот әділдігінің тиімділігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Яғни сотпен қарым-қатынас жасауда қолданылатын құралдар қарапайым пайдаланушыға ыңғайлы және түсінікті болуы тиіс. Осыған орай, жеке және заңды тұлғаларға қолайлы болуы үшін аталған құралдар Жоғарғы Соттың және облыстық, сонымен қатар аудандық және оған теңестірілген соттардың интернет-ресурстарында топтастырылып жинақталған.
Соттарға қойылатын басты талап – дыбыс және бейнежазбаны сапалы жүргізу. Себебі, бұл жаңа тәжірибе сот мәжілісінің хаттамасына келіп түсетін ескертулердің азаюына және сотқа қатысушы тұлғалармен қатар судьялардың да сот мәжілісінде тәртіп сақтауына ықпалын тигізеді. Себебі, электрондық дыбыс және бейнежазбасына қандай да бір қолсұғушылықтар жасауға мүмкіндік жоқ.
Бүгінде бұл жүйе елімізде кеңінен қолданысқа енгізіліп, жаңа кезеңге қадам басты. Нақтырақ айтсақ, сот мәжілісінің электрондық хаттамасын рәсімдеуге мүмкіндік бар. Хаттама «Сот кабинеті» арқылы сотқа қатысушыларға қолжетімді болып тұрады. Жақын болашақта шетел мемлекеттерінің тәжірибесін пайдалана отырып, бейнебайланыс арқылы сот төрелігін қашықтықтан асыру мүмкіндігі жүзеге асатын болады.
Бүгінде облыс соттары ғимараттарындағы 63 сот мәжілісі залдарының 93,6 пайызы заманауи дыбыс және бейнежазу құралдарымен қамтылған және бұл істі ілгерілету мәселесі партияның назарында. Биыл осындай құрылғыларды пайдалана отырып қаралған іс 75 пайыздан асқан.
Қазіргі сот жүйесінде азаматтар үшін жасалған қолайлы жағдайлардың бірі – «Гибридтік электрондық пошта» пилоттық жобасының іске асырылуы. Бұл жергілікті соттардың жұмысын, пошталық жөнелтілімдердің автоматты түрде жеткізіліп, сот мәжілісіне қатысушылардың уақтылы келулеріне жағдай жасайды.
Облыстық сот жанындағы соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңес саяси партиялар, кәсіпкерлер палатасы, депутаттар, мемлекеттік қызметкерлер, адвокаттар, жастар ұйымдары және өзге де белсенді топтарға «электрондық сот» мүмкіндіктерін қалың бұқараға түсіндіру үшін арнайы турлар ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл – партияның саяси доктринасында айтылған заң үстемдігін қамтамасыз етудің бірден-бір шарты.

Шора Кенжебаев,
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының заңгері, облыстық сот жанындағы соттармен
өзара іс-қимыл жөніндегі
кеңестің мүшесі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support