- Advertisement -

Жаңа үлгідегі аялдамалар салынуда

94

- Advertisement -

Былтырдан бері аудан орталығының тұрғындары үшін қоғамдық көлік қызметі көрсетіліп келеді. Қоғамдық жолаушылар көлігінің жол жүру кестесі аудандық газетте алдын ала жарияланған. Олардың бағыты автобекет пен орталық аурухана аралығын қамтиды әрі әрбір 15 минут сайын қатынайды. Арнайы бағыттар бойынша 27 аялдама белгіленген. Алайда арнайы аялдама салынбаған көшелер де бар.
Бұл туралы газетке жазғанбыз. Аудан әкімдігінің тиісті бөлімінің мамандары мақалаға берген жауабында бюджеттен қаржы қарастырылатынын, барлық көшелерде де аялдамалар бой түзейтінін айтқан болатын. Биыл, міне, берген уәделерінің үдесінен шығып отыр. Айтылған сөз нақты іс жүзіне асырылып, қазірдің өзінде жаңа үлгідегі аялдамалардың үшеуі бой көтерді. Бұл мақсатқа аудандық бюджеттен 2 миллион теңге қаржы бөлініп, электронды мемлекеттік сатып алу порталы арқылы тендерге қатысқан «Алиби Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз атанған. «Кеңес одағы кезінде салынған аялдамалардың әбден тозығы жеткен. Біз оларды түгел алып тастап, заман талабына сай етіп жаңартып жатырмыз. Алдағы уақытта аудандық бюджеттен қосымша қаржы қарастырылар болса, талапқа сай тағы 4 аялдама салуды жоспарлап отырмыз», – дейді аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Сәкен Есдәулетов. Салынған жаңа аялдамалар шын мәнісінде көптің көңілінен шығып, ауыл ажарын ашып-ақ тұр.

Мойынқұм ауданы

Уалихан Жайлау

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support