Жаһан көз тіккен жұлдызды шаһар

0
21

Елорданың жиырма жылдығы әлемдік деңгейде тойланады

Биылғы жылы бағаналы орда, басты ордамыз, сәулетіне төрткүл дүние тамсанған, әлем тыныштығының күзетшісіне айналған жобалар бастау алған, дәулеті тасыған Астанамызға 20 жыл толғалы отыр. Әлемде Астана ауыстыру үрдісі ежелден қалыптасқанына қарамастан, кезінде Елбасы осы бастаманы көтерген шақта байламға келмей, байбаламға басып, қарсылық білдіргендер де табылған. Әрине, оларға кінә артудан аулақпыз. Тоқсаныншы жылдардағы әлеуметтік теңсіздікке алаңдағандардың көкейінде мұндай ойдың тұруы бір жағынан заңдылық та шығар.

Ер тәуекелшіл келеді ғой. Қазақ «Тәуекел түбі жел қайық, өтесің де кетесің» дегенді текке айтпаса керек. Нәтижесінде солтүстікте елеусіз жатқан шағын шаһар жыл өткен сайын құлпырып, жайнап, жасара түсті. Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен іргесі қаланған Астана адам танымастай өзгеріп, түрленді. Әлемдік деңгейдегі түрлі оқиғалар Қазақстанның жаңа елордасы Астанада өткізіліп, тарихтың жаңа кезеңі басталды. Бұл – елдіктің, елін сүйген ер істеген берекелі тірліктің жемісі. Тарих үшін жиырма жыл – қас қағым сәт саналғанымен, азаттық алғанына енді ғана 27 жыл толатын Қазақстан үшін үлкен бір кезең. Біз сол соқтықпалы-соқпақты жолы бар мезет-мезгілден еш қиналмай өттік. Астанамызды гүлдендірдік. Әлем таныған арман қаланың жиырма жылдығын ел болып тойлау – ендігі елдігімізге сын.
Осы жылы сол мерейтойды жоғары деңгейде атап өтудің қазірдің өзінде алғышарттары жасалып та қойды. Сонымен…
Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің айтуына қарағанда, мерейтой құрметіне арналып, республикалық және халықаралық деңгейде 80-ге жуық шара өткізу жоспарланып отыр екен. Олардың көшін «Астаналар шеруі: Астананың 20 жылдығы – әлемнің 20 астанасы» атты Халықаралық мәдени имидждік жоба бастайтын көрінеді. Ерекше форматтағы бұл бастама жұртшылықтың көңілінен шығады деп күтілуде. Жоба негізінде әлемнің аты дүркіреген 20 астанасының (Париж, Берлин, Лондон, Токио, Сингапур, Бейжің және т.б) құттықтау таныстырылымдары назарға ұсынылмақ. Сондай-ақ мерейтой аясында «Астана Опера» театры Бейжің ұлттық опера театрымен бірлесіп, Джакомо Пуччинидің «Турандот» атты әйгілі операсын сахналамақ. Одан бөлек «Астана Мюзикл» театрының әлемге танымал Notre Dame de Paris мюзиклімен (Р.Коччанте, Л.Пламондон секілді авторлармен бірге) бірлескен қойылымы елорда тұрғындары мен алыстан ат арытып келген меймандарға үлкен тосын сый болмақ.
Сондай-ақ «Астана – менің бақытым» атты телевизиялық фильмнің таныстырылымы өтеді деп күтілуде. Мұнымен қоса, ел өнерпаздары Вена опера театры, Мариин театры, Нью-Йорк Сити Балет, Ұлы Жібек жолының халықаралық симфониялық оркестрімен бірлескен концерттері қала төсін думанға бөлей түсері сөзсіз. Мерейтойға ойластырылған тағы бір айтулы сый – бірегей халықаралық төрт көрме. Третьяков галереясының коллекциясы (Мәскеу қаласы), «Ұлы Моғолдар. Тарих артефакттары» (Дели қаласы), Францияның Ұлттық музейлерінің бірлескен жиыны – «Гранд-Пале» (Париж қаласы), «100 оқулықтағы әлем тарихы» көрмелері (Лондон қаласы) қазақстандықтардың таным көкжиегін кеңейте түседі. Көрмелерге көз салған отандастарымыз жиһанкез атанып, жаһанды кезбей-ақ әлем тарихының ең бай жауһарларын тамашалау мүмкіндігіне ие болады. Ол аз десеңіз, Азия құрлығы жұлдыздарының қатысуымен Voice of Astana халықаралық фестивалін, АҚШ, Польша, Нидерланды және Қытай елінің ең үздік балеттік труппаларының қатысуымен ұйымдастырылатын Eurasian Dance Festival балет өнерінің ІІ халықаралық фестивалін, әлемдік дәрежедегі киножұлдыздардың және Испания, Ресей, Франция, Италия елдерінің театрларының қатысуымен ІІ Бүкіләлемдік «Астана» театр фестивалін, заманауи этникалық музыка мен биді әйгілейтін The Spirit of the Dance фестивалін өткізу жоспарлануда.

Мерейтой аясында Астанада ойын-сауық фестивалі басталады. Қала тұрғындары мен меймандарына бірегей жоба: Astana Azil Stars Fest халықаралық фестивалі мен ІІ халықаралық «Бауыржан Fest» ойын-сауық шарасы – ұсынылады деп күтілуде. Оған ТМД елдерінің ең танымал өнерпаздары қатысады. Бұдан өзге шаралар да қала тойының мерейін өсіреді. Астананың 20 жылдығы ұранымен елордада әлемдік деңгейде Халықаралық сәулетшілер конгресі өтпек. Бұл шараның Қазақстанда өтуі Астананың жаһан таныған жұлдызды шаһар екенін айшықтап тұрғандай.

Арқа төсіндегі бас қаланың мерейтойы кезінде ұлттық спорт түрлері де басты назарда болады. «Ұлы Дала рухы» атты фестиваль ел рухын жанытса, қазақ күресінен өтетін «Қазақстан барысы», «Әлем барысы» додаларында жанкүйерлердің қиқуға басатыны анық. Мұнымен қатар спорттық марафон ұйымдастырылып, «Бозоқ қазынасы» атты театрлық-спорттық бақ ашу да күн тәртібінде тұр. «Денис және оның достары» атты мұздағы шоу да биыл жоғары дәрежеде ұйымдастырылмақ.
Астана – алаштың мақтанышы. Жоғарыда аталған жаһандық деңгейдегі шаралар халықтың танымын толықтырып, рухани кемелденуіне жол ашатыны анық.

«Ақ жол-Ақпарат»

Басы 1-бетте.
Мерейтой аясында Астанада ойын-сауық фестивалі басталады. Қала тұрғындары мен меймандарына бірегей жоба: Astana Azil Stars Fest халықаралық фестивалі мен ІІ халықаралық «Бауыржан Fest» ойын-сауық шарасы – ұсынылады деп күтілуде. Оған ТМД елдерінің ең танымал өнерпаздары қатысады. Бұдан өзге шаралар да қала тойының мерейін өсіреді. Астананың 20 жылдығы ұранымен елордада әлемдік деңгейде Халықаралық сәулетшілер конгресі өтпек. Бұл шараның Қазақстанда өтуі Астананың жаһан таныған жұлдызды шаһар екенін айшықтап тұрғандай. Арқа төсіндегі бас қаланың мерейтойы кезінде ұлттық спорт түрлері де басты назарда болады. «Ұлы Дала рухы» атты фестиваль ел рухын жанытса, қазақ күресінен өтетін «Қазақстан барысы»,  «Әлем барысы» додаларында жанкүйерлердің қиқуға басатыны анық. Мұнымен қатар спорттық марафон ұйымдастырылып, «Бозоқ қазынасы» атты театрлық-спорттық бақ ашу да күн тәртібінде тұр. «Денис және оның достары» атты мұздағы шоу да биыл жоғары дәрежеде ұйымдастырылмақ. Астана – алаштың мақтанышы. Жоғарыда аталған жаһандық деңгейдегі шаралар халықтың танымын толықтырып, рухани кемелденуіне жол ашатыны анық.
«Ақ жол-Ақпарат»

 

Жауап қалдырыңыз:

Өз пікіріңізді енгізіңіз
Өз атыңызды енгізіңіз