- Advertisement -

Ит жылы туған тұлғалар

235

- Advertisement -

Қазақ халқы ит жылын ауыртпалықты артқа тастайтын, береке-бірліктің жылы деп санайды. Ұлтымыз кие тұтатын жеті қазынаның да бірі – ит. Береке-бірлігі мол ит жылы қазаққа ақынды да, батырды да сыйлады. Сонымен, ит жылы дүниеге келген отандық және әлемдік тұлғалар кімдер?

Өткен ғасырдағы, 1910, 1922, 1934, 1946, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006, 2018 жылдар ит жылына тұспа-тұс келіп тұр. Бұдан бұрынғы тарихқа көз жіберсек, 1886 – ит жылы Алаш арыстарының белді мүшесі Жаһанша Досмұхамедұлы дүниеге келгенін білеміз. Араға бір мүшел салып Алаш ардақтыларының тағы бірі Темірбек Жүргенов өмір есігін ашқан. Қазақтың даңқын әлемге танытқан Бауыржан Момышұлының да өмірге келген уақыты – 1910 жыл, ит жылы. Батыр жерлесіміздің өмірден озған уақыты да осы ит жылына, яғни 1982 жылға сәйкес келген. Бар-жоғы 22 жасында асқан ерлік жасап, майдан даласында шаһит кешкен Кеңес Одағының Батыры Ізғұтты Айтықов та 1922-ші – ит жылының тумасы. Ізғұттымен бірге Кеңес Одағының Батыры атанғандардың ішінде осы жылы туғандар – Талғат Бигелдинов, Тоғанбай Қауынбаев, қазақтың батыр қыздары Мәншүк Мәметова мен Хиуаз Доспанова. Қазақ руханияты мен әдебиетін алға сүйрегендердің ішінде ит жылы туған тұлғалар баршылық. Атап айтқанда, Сафуан Шаймерденов, Сырбай Мәуленов, Әзілхан Нұршайықов, Оспанхан Әубәкіров, Қалаубек Тұрсынқұлов, Ғалым Жайлыбай, Қасымхан Бегманов сынды танымал ақын-жазушыларды атап өтуге болады. Атақты әншілер Роза Бағланова, Нұржамал Үсенбаева мен Димаш Құдайберген де ит жылы туған. Тағы бір қызығы, ғарышқа тұңғыш көтерілген Юрий Гагарин де, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров те ит жылы өмірге келіпті. Алаш тарихын зерттеуде аса зор үлес қосып жүрген Мәмбет Қойгелдиев, вице-премьер Ерболат Досаев та осы жылы туғандардың қатарында. Сонымен қатар, Қазақстанның атын әлемге танытқан Геннадий Головкин де биыл үшінші мүшел жасына аяқ басқалы отыр.
Ит жылы өмірге келген әлемге әйгілі тұлғалардан Ұлыбританияның атақты қайраткері Уинстон Черчилльді, әнші Майкл Джексон мен Мадоннаны, актриса Софи Лорен, Бриджит Бардоны, жиһанкез Жак Ив Кустоны, америкалық жазушы Стивен Кингті, актер Сильвестр Сталлоне, Алек Болдуинді және Шерон Стоунды, Ли Бен Хонды, жазушылар Ги де Мопассан, Виктор Гюго, Александра Дюма, Эрнест Хемингуэйді атап өтуге болады.

Қарлығаш Есбергенова

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support