Жаңғыру – жазудан басталады

10

Биылғы жылдың басты оқиғаларының бірі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында таяу жылдардағы ең маңызды міндет ретінде қазақ жазуын латын графикасына көшіруді тапсырған болатын. Мақалада Мемлекет басшысы «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп атап өткені мәлім. Осыған орай арнайы ұлттық комиссия құрылып, латын жазуына негізделген жаңа әліпби нұсқасын әзірлеп, үкіметке ұсынды. Елбасының Жарлығы шығып, әліпби қабылданды. Бұл бағытта жыл бойы саралау, талдау түсіндіру секілді жұмыстар елімізде белсенді жүргізіліп, көпшіліктің қызу талқысына түсті десек, біздің облыста да жүйелі шаралар үздіксіз ұйымдастырылып, тарихи оқиғаға қатысты пікірлер, ұсыныстар мен қолдаулар білдірілді.

Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін насихаттау бағытында атқарылған жұмыстардың жылдық қорытынды марапаттау рәсімі өтті. Басқосуды ашып жүргізіп отырған аталмыш басқарма басшысы Сұлушаш Құрманбекова бірқатар атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, облыста қазақ жазуын латын графикасына көшіру мәселесін кеңінен насихаттау мақсатында бекітілген желілік кестеге сәйкес ағымдағы жылы барлығы 1019 іс-шара ұйымдастырылған. Оның 142-сі облыстық, 79-ы қалалық, 798-і аудандық деңгейде. Сондай-ақ, басқарма осы тұрғыдағы жұмыстарды кеңінен насихаттау мақсатында 3 әлеуметтік жоба жариялаған. Сұлушаш Сәтбекқызы ақпараттық-насихаттау жұмыстарына еліміздегі және өңірдегі белгілі ғалымдар, тіл жанашырлары, зиялы қауым өкілдері мен белсенді жастар тартылғанын жеткізді.
С.Құрманбекова латын әліпбиіне көшудің тиімділігін насихаттаған белсенді ұжымдар мен спикерлерді, үздік мақала авторларын, арнайы ұйымдастырылған байқау жеңімпаздарын ерекше атап өтіп, марапаттады. Олардың қатарында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы, облыстық «Ақ жол», «Знамя труда» газеттері мен «Jambyl», «77 ТВ» телеарналары және жоғары оқу орындары бар. Сонымен қатар, латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінде диктант жазу акциясына белсенді қатысқан мемлекеттік қызметшілер, мектеп мұғалімдері мен оқушылар, «Жаңғыру – жазудан басталады» эссе байқауы, «Үздік бейнеролик» және «Тәуелсіз елім – Қазақстаным!» атты мәнерлеп өлең оқу байқауларының жеңімпаздары марапатталды.

Жанғазы АХМЕТ

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.

микро займ на карту