- Advertisement -

Жастардың жарқын идеялары

135

- Advertisement -

 Облыс әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі мен облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы бірлесіп «Жыл таңдауы – 2017» облыстық байқауын өткізді. Шағын және орта бизнесті дамыту бүгінгі таңда еліміздегі ең маңызды мәселелердің бірі. Бұл байқаудың ұйымдастырылуының басты себебі де осы. Облыс аудандары мен Тараз қаласы жастарын кәсіпкерлік қызметке тарту, болашақ жас кәсіпкерлердің белсенділігін арттыру және жаңа бизнес көздерін ашу мақсатында өткізілген байқауға облыстың 15 келешек жас кәсіпкер өтінімдер тапсырған. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, үміткерлердің барлығы да тың идеяларымен ерекшеленіпті. «Елбасы Жолдауында айтылған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» осы жобалардан бастау алады», – дейді сараптама комиссиясының төрайымы, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының бизнес-тренері Гүлмира Метерова.
«Жыл таңдауы – 2017» байқауының басты талабы жаңашылдық, бірегейлік, жаңа бизнес көзін ашатын тың идеялар табу, облысымыздағы кәсіпкерліктің дамуына үлес қосу болып табылады. Сондай-ақ бизнес-идеялардың әлеуметтік маңыздылығы, экологиялық әсері процесінде пайдалану мүмкіндігі критерийлері бойынша бағаланған байқауда Байзақ ауданының азаматы Алмазбек Бектешов жеңімпаз атанды. Ол «Тұздылығы 30 пайыздан асатын су айдындарынан артемия салина шаяншасының цисталарын өндіріп, әртүрлі косметикалық, дәрі-дәрмек өнімдерін шығару» жобасын ұсыныпты. Ал екінші орынға «Сүт өнімдерін өндіру (Ірімшік өндірісін қолға алу)» жобасымен меркілік Диана Байпақ жайғасқан. Үшінші орынға ие болған сарысулық Аяулым Тайтөлеу «Бөдене жұмыртқаларын инкубаторда өсіру арқылы азықтық және тыңайтқыштық өнімдер алу» бизнес-идеясын ұсынған. Шара соңында әрбір қатысушыға арнайы сертификаттар тапсырылды.

Қарлығаш Есбергенова

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support