- Advertisement -

Жаңа дәуірдің бетбұрысы

92

- Advertisement -

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Үшінші жаңғыру кезеңінде жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы тарихи ұлттық сананы қалыптастыру арқылы парасатты қоғам құруға бастайтын тәуелсіздіктің негізігі принциптерімен сабақтасып жатыр. Сондықтан рухани жаңғыру бағдарламасын жаңа дәуірдегі үлкен бетбұрыс деуге болады.
Бүгінде Елбасы мақаласы аясында жүзеге асырылып жатқан айрықша маңызға ие жобалардың бірі «Туған жер» жобасы болып отыр. Бұны Мемлекет басшысының «Елдіктің туын көтерген азаматтарға «Туған жерге туыңды тік!» деген үндеуі дер едім. Өйткені адамның тасы да ыстық, тауы да ыстық туған жерге, туған елге деген інкәрлігі ешқашан өшпейді. Бұл – табиғаттың талай сынағынан өткен өмір философиясы.
Елбасының сенімді саяси серігіне айналған «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, партияның аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының мүшелері мен бастауыш партия ұйымдары осындай игі бастамаға қызу қолдау көрсетуге бел буып отыр. Алдағы уақытта да Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттерді табысты орындауды басты мақсаты санайды. Бұл – әрбір жуалылық үшін үлкен міндет.
Келер жыл еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде айтулы жыл болғалы тұр. Соның ішінде Елбасының төл перзенті саналатын, Сарыарқаға сән берген елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойының алар орны ерекше. Міне, осы тұста да Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын бағдарламалық идеялардың жарқын көрініс табары айқын. Өйткені қазақстандық қоғам болашақта атқарар жарқын істерін халқымыздың өткенімен, ұлтымыздың тағдыркешті тарихымен байланыстыра отырып, табысты іске асырып келе жатыр. Сондықтан да «Нұр Отан» партиясының Жуалы аудандық филиалы, оның бастауыш партия ұйымдары мен партия мүшелері осындай саяси шараларды жүзеге асыруда алдыңғы қатарда болып, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев жүктеген барлық тапсырмаларды орындау жолында аянбай еңбек ететін болады.

Анар Ахметова,
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support