- Advertisement -

Ауылға қолғабыс жасады

115

- Advertisement -

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Қарабөгет ауылдық округіне қарасты Қарабөгет, Құмөзек, Сарыөзек ауылдарына ұялы телефон байланысы орнатылды.

Осылайша, 1500-ден аса тұрғыны бар елді мекендер мол қуанышқа кенелді. Бұл игілікті іске Құмөзек ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектепті 1987 жылы бітірген түлектер мұрындық болып отыр.
Ұйымдастыру, құжаттарын рәсімдеу сынды жұмыстарын облыстық мәслихаттың депутаты Жайдар Әйтішев өз мойнына алған. Тұрғындарды шаттыққа бөлеген шара «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жүзеге асырылады.

Уалихан Жайлау

Мойынқұм ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support