- Advertisement -

Радиация алыста емес, жанымызда

127

- Advertisement -

«Радиация» латын тіліндегі «радиус – сәуле» деген сөз. Ол қоршаған ортаның адам ағзасына теріс әсер ететін факторларының бірі. Радиацияға күннің, ғарыштық, жердің табиғи радиоактивтік заттарының сәуле шығаруы және жасанды радиоактивті изотоптар жататыны белгілі.
Радиация шынында өте қауіпті, сәулелердің артық мөлшері адам ағзасында ауытқуларды және әртүрлі ауруларды туғызады. Оның әсері кейде адамның өзінде байқалмай ұрпақтарында, яғни балалары мен немерелерінде көрінуі мүмкін.
Бірақ тұрғындар үшін ең қауіптісі – техногенді (адам қолымен жасалған) емес, табиғи сәулелену көздері. Адам екі жолмен сәулеленуі мүмкін. Радиобелсенді заттар ағзадан тыс болып, сырттан әсер етуі немесе ол демалатын ауада, суда немесе тағамда болып ағзаның ішіне түсуі мүмкін. Бұл – ішкі сәулелену. Адамның өмір сүріп отырған жеріне, ішкен судың сапасына, тұрған үйінің құрылыс материалына сай сәулелену әр деңгейде болады. Оның ішінде ең көп әсер ететіні – радон газы.
Радон – дәмі мен иісі жоқ түссіз газ, ауадан 7,5 есе ауыр. Ол жер қыртысынан біртіндеп бөлінеді. Топырақ эмиссиясын қоспағанда, минералдық тектегі қүрылыс материалдары: қиыршық ақ тас, цемент, кірпіш радон көздері бола алады. Барлық жыныстарда уран мен торий кездеседі. Ал кейбірінде мысалы гранитте уран көбірек жинақталуы мүмкін. Құрылыс материалдарында радон радий ыдырағанда пайда болады. Оның бір бөлігі көзге көрінбейтін тесік арқылы ғимаратқа түседі. Егер ғимарат нашар желдетілсе, ал құрылыс материалдары мен топырақ уран мен радийдің едәуір үлкен мөлшерін бойында ұстаса, онда радон үлкен мөлшерде жиналуы мүмкін. Адам ғимаратта едәуір уақыт болатынын ескерсек, ол алатын тиімді сәулелену дозасы кәсіпқойлар алатын доза жүктемесінен асып түсуі мүмкін.
Көп жағдайда радонға байланысты дозалық жүктемені едәуір азайтуға болады. Жертөлелерді қымтау мен желдету топырақтан радонның өтуін айтарлықтай азайтады. Табиғи радиоактивтік элементтер қабырғада көп болса, радонның жиналуын қабырғаны герметикалық бояумен сырлау және қатты желдету арқылы азайтылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219 «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Заңына сай облысымызда ғимараттардағы, тұрғын үйлер аумағындағы және жұмыс орындарының ауасындағы радонның мөлшеріне радиациялық бақылау жүргізіліп отырады.

Айнұр Мықтыбаева,
облыстық қоғамдық денсаулық
сақтау департаментінің өнеркәсіптік
және коммуналдық объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау
бөлімінің бас маманы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support