- Advertisement -

Қолына қыран қондырған

191

- Advertisement -

Құсбегі Жапар Сатылғанов этнографиялық бұйымдарын музейге тарту етті

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы, белгілі құсбегі, этнограф, зерттеуші-натуралист Жапар Сатылғановтың «Қазақтың құсбегілік дәстүрінің рухани жалғастығы» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған шара барысында Жапар Сатылғанов әкесі Тілеужан Сатылғанұлынан қалған 28 этнографиялық бұйымды музей қорына тапсырды. 

Көрменің ашылу салтанатында Жапар Сатылғанов бабалардан мирас болып қалған саятшылық, құсбегілікті дәстүрмен астастыра отырып, дамыта түсу қажеттігін еске салып, бұл бағытта атқарылар істердің ауқымды екенін тіліне тиек етті. Емен-жарқын ой бөлісу форматында өткен кездесуде облыстық ардагерлер кеңесі ұйымының төрағасы Еркінбек Солтыбаев Жапардың ізденісін, еңбекқорлығын, үндемей жүріп үлкен іс тындыратын іскерлігін әңгімелеп, этнографиялық бұйымдарды музейге тапсырғанына рахметін жеткізді. Ардагер Жақсыбек Сыдықов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшы­сының орын­басары Ақытай Жандаров, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Гүлнұр Ембердиева бұл игі істің жанашыры, этнограф Ж. Сатылғановтың тынымсыз еңбегіне оң баға берді.
Музей қорына тапсырған бұйымдар ішінде қолға құс қондырғанда киетін биялай, құсбегі Тілеужан Сатылғанұлы киген көне шапан, түлкі тымақ, құсқа жем беретін саптыаяқ, аңшылыққа шыққанда белге тағатын белбеу және өзге де құнды мұралар бар екен.

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Суретті түсірген Алтынбек Қартабай.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support