- Advertisement -

Азаттықты жырлады ақындарым

193

- Advertisement -

Ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығы-на орай облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы-ның ұйымдастыруымен Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің мәжіліс залында «Тәуелсіздік – халқымның асқақ мерейі» атты облыстық жыр мүшәйрасы өтті. Шараның ашылу рәсімінде аталған басқарма басшысы Мәди Мәтен сөз алып, барша талапкер-лерге сәттілік тіледі.

«Өлеңге әркімнің де бар таласы…» – деп Абай хакім айтқандай, бұл жыр бәйгесінің бірінші кезеңіне өңіріміздің әр түкпірінен 46 үміткер жүректен шыққан жырларын жолдаған екен. Екінші кезеңге осынша талапкердің ішінен 15 ақын іріктеліп алынды. Қорытынды басқосуда іріктелген ақындар өлеңдерін оқып, өнер көрсетті. Дегенмен, бұлардың кейбірінің өлеңдерінде де «әттеген-айлар» кездесіп жатты. Қазылар алқасының мүшесі, ақын Үміт Битенова кейбір жас ақындардың «Барлық жаулар отарлаймыз деп кеп еді», «…Азайтып өмір, тағдыр өткелдерін», «Қарға тамыр қазағымды мен енді, жетім жебер жер Анаға тапсырдым» деген жолдарына сын айтып, ескерту жасады.
Сонымен, қазылар алқасының шешімімен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік универси-тетінің студенті Шапағат Әбдір бас жүлдені иеленсе, тараздық Марал Исақұлова жүлделі бірінші орынға лайық деп танылды. Жүлделі екінші орынға ТарМУ-дың тағы бір жүйрігі Нұрсұлтан Рахымбай қол жеткізсе, үздік үштікті ТИГУ-дің студенті Серік Спанәлі түйіндеді. Сондай-ақ «Жыр – жауқазын» аталымымен таластық жас ақын Әсел Бұралқы, жамбылдық Бақнұр Нұрман, сарысулық Бекайдар Аманбаев және тараздық студенттер Ертай Райымбек пен Сәндібек Піранов марапатталды.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support