- Advertisement -

Жеміс-жидектің жаңа сұрыптары өсірілуде

183

- Advertisement -

Көкөніс, бақша дақылдары және жеміс-жидектер өсіру – ауыл шаруашылығының маңызды саласының бірі. Ғылыми тұрғыдан зерттеп, бәсекеге қабілетті сұрыптар мен инновациялық технологияларды өндіріске енгізу арқылы шаруашылықтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету – уақыт талабы. Әрі жеміс-жидектің алуан түрі өсетін Өзбекстан, Қырғызстан секілді елдермен шекаралас біздің облысымыз үшін бұл мәселе өте маңызды.
Жалпы, еліміздегі Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптарын сынау комиссиясының құрылғанына биыл 80 жыл толып отыр. Соның ішінде Байзақ жеміс-жидек сұрыптарын сынау бөлімшесінің жұмыс істеп келе жатқанына да 50 жылға жуықтады. Осы уақыт аралығында учаскеміз сан түрлі жемістер мен жидектердің сұрыптарын сынап, аудандастырды. Тек биылдың өзінде 103 жеміс-жидек сұрпын сынақтан өткіздік. Оның ішінде облысымызға аудандастыруға болатын 16 жеміс-жидек сұрпын мемлекеттік комиссияға тапсырып, олар мемлекеттік тізімге кіргізілді.
Бұл – елімізде шығарылған алманың «айзере», алмұрттың қысқы «алмалы», шиенің «талғар», «шпанка», қарақаттың «маралы» сұрыптары өңіріміздің бақшаларында да өсіп, жемісін береді деген сөз. Алматыдағы жеміс-жидектер институтынан осы сұрыптар мен сарымсақтың 3 түрінен көшеттер әкелініп, егілді. Бүгінде оларды Шадияр Шілдебаев басқарып отырған Байзақ жеміс-жидек сұрыптарын сынау учаскесінің қызметкерлері күтіп-баптауда. Негізінде, мекемемізде қызметкерлер саны көп емес. Бірақ, соған қарамастан, тату-тәтті ұжымымыз алуан жемістің жаңа түрлерін баптауда, тұрғындарды сапалы да пайдалы жеміс-жидектермен қамтамасыз ету бағытында үлкен жауапкершілікпен жұмыс істеуде.

Әбдіғали ЖАҢАБЕКОВ,
аудандық жеміс-жидек сұрыптарын
сынау учаскесінің агрономы.

Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support