- Advertisement -

Бір жылда екі мектеп ашылды

82

- Advertisement -

Тәуелсіздігіміздің 26 жылын еліміз үлкен бетбұрыстармен бастады. Конституциялық реформаны жүзеге асырып, Үшінші жаңғыру кезеңіне қадам басты. Астана төрінде өткен ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесі Қазақстанымыздың байрағын одан да биікке көтерді, мәртебесін де асқақтатты.
Экономиканы жаңғыртудың Үшінші кезеңі, рухани жаңғырулар әлеуметке серпін берді. Елді мекендерде өндіріс орындары ашылып, жаңа әлеуметтік нысандар бой көтеріп, пайдалануға берілді. Соның бірі – Меркі ауданындағы 250 келушіге арналған үш қабатты емдеу орталығы. Медициналық мекеменің заманауи технологиялармен жабдықталуы – отандық медицинаны дамытуға қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын көрсеткендей.
Ауданда алдыңғы екі жылда екі жүз елу балаға арналған екі бірдей соңғы үлгідегі, заманауи балабақша ашылды. Биылдың өзінде төрт бірдей мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жұмыс істейтін мектепке дейінгі мекеме бүлдіршіндерді қабылдады. Аралқыстақ ауылындағы 50 орындық бастауыш мектеп, 600 орындық Савва атындағы орта мектеп пайдалануға берілді. Ал Тескентоған ауылында салынып жатқан 150 орындық мектептің құрылысы келер жылы бітпек.
Осының бәрі бір ғана ауданда жүзеге асқан игілікті істер. Бұл – Елбасының, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының жемісі.

Ринат Жантаев,
аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support