- Advertisement -

Еңбегі ерен, нар адам

131

- Advertisement -

Өн бойынан тек тектілік тараған,
Жан әлемін мейіріммен ораған.
Кісілік пен кішілікті тең ұстар,
Еркінбегім, еңбегі ерен, нар адам!

Тіршілікте кеуде керіп таспаған,
Адамдықтың шеңберінен аспаған.
«Сіз, біз» десіп, сыйласып-ақ бәрімен,
Қай істе де қиянатқа баспаған.

Қай кезде де Отан дедің, ел дедің,
Ұсақ іске көңіліңді бөлмедің.
Ірі-ірі іс бітірген ардақтым,
Еленді әркез ел деп еткен еңбегің.

Жайсаң жанды жанарынан білемін,
Амандығын сырттай сұрап жүремін.
Көңіл-көзін кір шалмаған мөп-мөлдір,
Жақсы адамдар аман болсын – тілегім!

Мақұлбек Жанәлиев,
қалалық ардагерлер кеңесі жастар арасында жұмыс жүргізу жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support