- Advertisement -

Көптің көңілін демеген депутаттар

86

- Advertisement -

Кез келген қайырымды істің қоғамға тигізер игі ықпалы бар. Әсіресе, жастарға көрсеткен қамқорлықтың қайтарымы көп. Арқадан қағар ағаның, басынан сипар апа-әпкенің мейірімін сезініп өскен ұрпақтың өресі кең болады. Қатыгездік пен енжарлыққа тосқауыл қояр қасиетті де кең құшақты дос пейілден табасыз.

Қоғам дамуының сан қилы кезеңін бастан кешсек те, халқымызға тән осы бір ұлы қасиетті жоғалтпаппыз. Өзінде бармен көзге ұрмай, өзгеге де болсын деген тілеуқор азаматтар баршылық екен. Өңірдегі көп балалы, тұрмысы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қолұшын созып, көңілін демеген облыстық мәслихаттың депутаттарының ісі – соның бір көрінісі.
Депутаттар әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға азық-түлік, киім-кешек әперіп, көмек беруді дәстүрге айналдырған. Қайырымдылық шаралары мұқтаж жандардың қажеттілігіне қарай ұйымдастырылатынын да айта кеткен жөн. Ақшалай көмекке зәрулерге қаржылай демеушілік жасайды. Биыл 30-дан астам отбасыға қолдау көрсетілді.
Қайырымдылық – ізгі қасиет. Көпшілік мұқтаж жандардың керегіне қарасқан депутаттардың игі бастамасына дән риза.

 

Ардақ Үсейінова

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support