- Advertisement -

Төтенше жағдай құрылымдарының әлеуеті күшейді

70

- Advertisement -

Ел экономикасының дамуына байланысты төтенше жағдайлармен күрес жүргізетін құрылымдардың да әлеуеті артуда. Мұны біздің өңірдің мамандары мен тұрғындары айқын сезініп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың тікелей бақылауында. Соңғы 4 жыл ішінде төтенше жағдайлар саласына облыстық бюджеттен 330 миллион теңге қаражат бөлінген. Ал биыл 210 миллион теңгеге авариялық құтқару жабдықтары мен техника сатып алынған.

Төтенше жағдайлар департаменті – халықтың қауіпсіздігін қорғауға арналған құрылым. Биылғы жылдың 11 айында 4 мыңнан астам шақырту жағдайлары бойынша тұрғындарға көмек көрсетіліп, 947 адам құтқарылған. 1 мыңнан астам адам қатерлі аумақтан жедел көшіріліп, 67 адамға дер кезінде медициналық көмек көрсетілген. Нәтижесінде тұрғындардың зардап шегуі мен келтірілген шығын көлемі азайып отыр.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков аталған департаменттің Өрт сөндіру бөлімінде ұйымдастырылған авариялық құтқару жабдықтары мен техникаларын салтанатты тапсыру рәсіміне қатысып, сөз сөйледі. Ол төтенше жағдайлар саласына жасалған бұл мүмкіндіктер Елбасының сара саясатының жемісі екенін, облыс әкімінің қолдауы екенін айта келіп, тиісті мамандарға арнайы жабдықталған автокөліктерді табыс етті.
Бекболат Серікбекұлы мен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бағдат Данилов арнайы тігілген шатырды, арнайы командалық машинаны аралап көрді. Бұл жерде облыстық төтенше жағдайлар департаменті техникалық қызмет және құлақтандыру тобының бас маманы Рауан Күзембаев арнайы командалық машинаның мүмкіндігін айтып берді. Бұл машина бейне аппарат арқылы тікелей Астанадағы орталық штабпен және облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев басқаратын жергілікті штабпен қатерлі жағдайда лезде байланысып, жоғары тараптың нақты тапсырмаларын алады екен.
Бұдан кейін жаңадан сатып алынған «Пурга-30» жедел көмек беру оқпаны, 12 дана түтін сорғыш, 14 дана моторлы су сорғыш және дәнекерлеу техникалары облыс әкімінің бірінші орынбасарына таныстырылды.
Шара соңында Бекболат Серікбекұлы БАҚ өкілдерімен брифинг өткізіп, 80 дана арнайы шатыр, 547 дана газ жайылған жағдайда жұмыс істеуге арналған түтікшелер жаңадан сатып алынғанын, мұның барлығы адам және мүлік шығынын азайтуға мүмкіндік беретінін айтты.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support