- Advertisement -

Балалар туған жерге жыр арнады

81

- Advertisement -

Туған ел, туған жер – адам жанына жылылық ұялататын, тұла бойын шымырлатып жіберетін асыл ұғымдар. Туған елге деген сүйіспеншілігін, ынтызарлығын музыканттар әсем әуенмен, суретшілер көркем бояумен, ақындар отты өлеңдерімен өрнектегені белгілі.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» жобасының мәні мен мазмұны да жоғарыдағы біз негізге алған ойға арнасында тоғысары сөзсіз. Осы орайда, Елбасы мақаласының негізгі идеяларын насихаттау мақсатында Өмірбек Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебінің 1 «Ә» сыныбында «Туған жерге туыңды тік!» тақырыбында ертеңгілік өтті. Ертеңгілік барысында еліміздің жарқын болашағына сенетіндіктерін, ол үшін сабақтарын жақсы бағаға оқып, білімді, білікті азамат атануға тырысатындықтарын жеткізді. «Отан» деген ұғымды кім, қалай түсінетіндіктерін еркін әңгімелеп, кіндік кескен, өскен жерлері туралы баяндап берді.
Шара барысында оқушыларға тарихы терең – Тараз туралы жан-жақты мағлұматтар беріліп, танымдары кеңейтілді. Жас таланттар да өздерінің жүрекжарды жырларын арнап, туған қалаларына деген ақжарма сезімдерін білдірді.
Балалардың өз туған жерлеріне деген құрметін, махаббатын арттыру мақсатында өткен іс-шара ойдағыдай өтті.

Гүлзинат Доланова,
Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support