- Advertisement -

БАРШАҒА ОРТАҚ БОРЫШ

91

- Advertisement -

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел өзге дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де зор нұқсан келтіріп отыр.
Жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жойып, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан еліміздің мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі осы кеселмен күресу болып табылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Мемлекетіміз бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Президентіміз қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды алдымызға міндет етіп қойды. Сол міндеттің бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Қорыта айтқанда, жемқорлыққа қарсы ағарту жұмыстарын еселеу, сыбайластыққа қарсы күрес саласындағы барлық мүдделі күштердің бірлесіп жұмыс істеуі елімізді өркендетуге және азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.

Гүлмира Алтынбек,
облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы персоналды басқару қызметінің бас маманы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support