- Advertisement -

ҰСТАЗДАРҒА ЗОР МІНДЕТ ЖҮКТЕДІ

110

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы білім саласына тың серпін берді. Ұстаздар мен оқушылар қауымы Елбасы жазбасындағы әр тапсырма мен міндеттерді кеңінен саралап, ой-пікірлерін білдіруде. Мәселен, қазан-қараша айларында Ақтоған мектебі мұражайында бірнеше басқосу ұйымдастырылып, ашық сабақтар өтті.
Білім ошағының 5-сыныптары Қазақстан тарихы пәні негізінде «Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы», «Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті», «Ежелгі көшпелілердің дүниетанымы» тақырыптарын қаузаса, 6-сынып оқушылары «Неолит төңкерісі», «Мал шаруашылығы мен егіншілікке көшу» , «Қазақстан – ежелгі металлургия мекені», «Андроновтықтардың кәсібі мен тұрмысы» тақырыптарын зерделеді. 7-сыныптар «X-XIII ғасырлар басындағы Қазақстан территориясындағы саяси үдерістер», «Қарахан мемлекеті», «Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі», «Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті» тақырыптарын ашып, мұражай жәдігерлерімен танысты.
Қазақ елі қазір өркениетті елдермен иық теңестіруге, дамудың жаңа сатысына көтерілуге талпынуда. Дегенмен жаһандық өзгерістерге сай болу үшін алдымен ұлттық ерекшелігімізді сақтай білуіміз керек. Қазақ Елі дамудың барлық кезеңін бастан өткерді. Енді рухани жаңғыруға баса назар аударылу керек. Бұл жаһандану дәуірінде тек өзімізге ғана тән ұлттық кодымыздың болу керектігін білдіреді. Яғни дамудың жаңа кезеңінде алдымен ұлттық болмысымыз бен құндылығымыз, тарихымыз мен мәдениетіміз сақталуы тиіс.
Рухани жаңғыру тұсында «Туған жер» бағдарламасының да маңыздылығы арта түседі. Қадам жері қасиетті, сүйем жері шежірелі Құлан өңірінің әрбір тасы мен төбесі шежіреге, терең сырға толы. Ал жастар олардың әрбірінен хабардар болғаны абзал. Себебі, өз тарихына терең бойлай алған ұрпақ қана Отанына адал, жауапкершілігі жоғары азамат болып өседі.
Сондықтан қазір ұстаздардың алдына білім беру тұрғысында үлкен мақсат-міндеттер қойылып отыр. Нақтылай түссек, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы және «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелерінде ұстаздарға артылар жауапкершілік зор. Ақтоған орта мектебінің ұжымы да Елбасы мақаласында көзделген межеге жету үшін бірлесе жұмыс істейді.

Қадиша ОРАЗОВА,
Ақтоған орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі.

Т. Рысқұлов ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support