Жамбыл

71

Келіндер байқауда бақ сынады

«Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Инабатты келін – 2017» атты жас келіндердің арасында облыстық байқауы өтті. Байқауға Тараз қаласы мен аудандардан 10 үміткер қатысып, «Таныстыру», «Сиыр сауу», «Таба нан пісіру», «Ұлттық салт-дәстүр бойынша сұрақ-жауап», «Ұлттық тағам әзірлеуден аспаздық шеберлік» аталымдары бойынша сынға түсті. Нәтижесінде, жүлделі І орынды Тараз қаласының атынан қатысқан А.Абдраимова жеңіп алса, ІІ орын Талас ауданынан келген Ж.Арқабаеваға бұйырды. ІІІ орынды меркілік А.Бәрменқұлова мен жамбылдық Ж.Көшкінбай өзара бөлісті. Жас келіндер дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.

микро займ на карту