Тараз

45

Жаңа пошта блогы – айналымда

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Жамбыл облысы» тақырыбындағы «Менің Қазақстаным» сериясының екі маркадан тұратын пошта блогын айналымға енгізді. Блок екі марка және екі купоннан тұрады. 4 бояулы, перфорациясы жиектемелі. Блоктың өлшемі 120х84 миллиметрді құрайды. Ал маркалардың өлшемі 40х28 миллиметр. Блокта ультракүлгін бояу қорғаныс элементтері қолданылған. Маркалардың атаулы бағалары 140 теңге және 200 теңгеден. Таралымы 20 мың дана. Пошта блогы Беларусь республикасының «А.Т.Непогодин атындағы Бобруйск ірілендірілген баспаханасында» басылып шығарылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.

микро займ на карту