- Advertisement -

«Бәйге берем жығылған балуанға да, адалдығы сезіліп тұрар болса»

214

- Advertisement -

Қазақ күресінен Социалистік Еңбек Ері Байгелді Кейкиев атындағы турнир өтті

Ұлттық спортымыз қазақ күресінен Социалистік Еңбек Ері Байгелді Кейкиев атындағы республикалық турнир өтті. 1998-1999 жылы туылған кіл мықты балуандар бақ сынаған осынау додаға еліміздің жеті облысы мен Қырғыз Республикасынан 85 спортшы қатысып, жүлделі орындарға талас жүргізді. Жарысқа қатысқан әрбір балуан жеңіске жету жолында жан аяп қалған жоқ.
Айтулы жарыста бақ сынаған барлық балуандар тамаша белдесулер көрсетіп, жанкүйерлердің қошеметіне бөленді. 74 келі салмақ дәрежесінде алтын мен күміс жүлде тараздық балуандарға бұйырды. Ақтық сында жасындай жарқыраған Айдар Бескемпір турнир жеңімпазы атанса, тағы бір жерлесіміз Омар Керімов күміс жүлдеге иелік етіп, Жамбыл спортының беделі әрқашан биік екенін танытты. Ал, 90 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар аламанында алматылықтардың мерейі үстем болды. Болат Ерасыл жүзден жүйрік шығып, топ жарса, Бекарыс Абушахман тек финалдық бәсекеде сүрініп, күміс жүлдеге қол жеткізді.
Салмағы 90 келіден асып жығылатын өрендер сынында оңтүстікқазақстандық Жасұлан Баубекұлының мерейі үстем болды. Ал, ақтық белдесуде қарсыласына жол берген байзақтық Ғанибек Медиманов екінші орын биігінен көріне білді.
Түйе балуандар бәсекесі көрермендердің көңілінен шыққаны сөзсіз. Алыптар белдесуінде алматылық Болат Ерасыл қарсыластарын қапы қалдырып, өзінің талассыз мықты екенін әйгілеп, жанкүйерлердің қошеметіне бөлсенсе, тараздық сайыпқырандар Дарын Ханапиев пен Дәулет Ахмет екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support