- Advertisement -

«Мейірімділік – рухани жан байлығы»

305

- Advertisement -

123-523-(1) 123-473Облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты облыстық филармония ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қызыл жұлдыз ауылындағы Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектепте «Мейірімділік – рухани жан байлығы» атты қайырым­дылық концертін берді.
Концерт барысында жүргізушілер залға жиналған көрермен қауымды Елбасының жоғарыда айтып өткен бағдарламалық мақаласымен кеңінен таныстырып, ондағы «100 жаңа есім» жобасына тоқталып өтті. Сондай-ақ, аталмыш бағдарламалық мақаланың мән-маңызына кеңінен тоқталды. Облыстық филармония директорының орынбасары Жандос Омаров сөз алып, мектеп оқушылары мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жылы лебізін білдірді.
Концерттік бағдарлама барысында Гүлшат Тінәсілова, Лаура Бексұлтанова, Азамат Әмереков, Гүлнәз Мамырайымова, Перизат Орынбекова, Нұрқуат Орынов, Балдат Бейсеқожа, Нұргелді Жолдасов және өзге де филармония әншілері жүрек қылын қозғайтын керемет әндерді нақышына келтіре шырқап, көпшіліктің ризашылығына бөленді. Әнсүйер жұртшылық өнер иелеріне зор қошемет көрсетіп, оларды шабыттандырды. Шара соңында мектеп директоры Айсара Сейдалиева сөз алып, шығармашылық ұжымға алғысын білдіріп, қайырымдылық шарасын дәстүрлі түрде өткізіп тұруға, филармония ұжымы қолдаса, мектеп ұжымы қашанда қайырлы істің қасынан табылуға дайын екенін сөз етті.

Байзақ ауданы.

Табиғат АБАИЛДАЕВ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support