- Advertisement -

Айша бибі кесенесіндегі жазу…

430

- Advertisement -

1432747756lb4g3-photoБұл ежелгі кесене өткен ғасырларда және одан кейін де жүргізілген ғылыми зерттеулердің қорытындысы негізінде ХІ–ХІІ ғасырда бой көтерген деген тұжырым жасалған.
Махаббат мазарын салдырған – Қарахан.

Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Өзінің сүйіктісі Айша бибіге мәңгілік ескерткіш.
Қазақтың ортағасырлық рухани-сәулет ғимаратының қандай шебердің қолынан шыққаны әлі күнге дейін белгісіз. Ол жұмбақ. Талантты ақын Күләш Ахметованың жыр дастанында айтылған-ындай, мұндай ғажайыпты дүниеге әкелген шебер кім болса да қазақ даласының ауасымен өмір сүрген жан болар. Мұсылман әйелдер құрметіне мұндай інжу-маржан сыйлаған адамның өркениетті өнері үшін ұрпақтары мәңгі разы.
Айша бибі мазарын (кесене деп те жазамыз) бір көруге ынтызары ауып, сағынып келетін үлкен-кіші кісілер де, алыстан ат сабылтып аялдауға келетін адамдар да асқан шеберлікпен өрнектелген ғимараттың 62 түрлі нақыштағы ою-өрнекті қыш тақталармен көмкерілгенін көріп, әрине, таң-тамаша қалады.
Қаланымының 18-ші текшесінде араб әліпбиінің «куфа» нұсқасымен сөздер жазылған.
Міне, осы сөздердің қазақша аудармасы қандай? Ол – әртүрлі айтылады.
Көбінесе ғалымдар оны «Күз. Бұлттар… Дүние ғажайып…» деп аударады.
Ақындар өз өлең-дерінде «Аспан. Жер. Су» деп өмір мәнін дүние жаратылысымен қарастырып жырлайды.
Ал, атақты жазушы Асқар Сүлейменов «Күз. Сүмбіле. Сұмдық өмір» деп жазады. Осы сөздер адамдарды терең ойға жетелейді.
«Күз. Бұлттар. Дөңгеленген дүние» деп та аудармасын өз бетінше өңдеп, көркемдейтіндер бар.
Біздіңше, бұл да жұмбақ сөздер. Қазақтың сөз өнері бәрін де әсерлі суреттей алады. Түпкі ұғымы түсінікті.
Дегенмен, Айша бибі кесенесіндегі бұл сөздердің мән-мағынасы мен көркемдік сипаты жайында зерттеу жазбалары қажет-ақ.
Бір мағыналы сөзді сонау ХІ ғасырда жаздырған немесе жазып қалдырған бабалар аманаты нені ұқтырады? Мың түрлі ой туғызады.
Тараз қаласындағы үш университеттің ғалымдары осы істі өзара келісіп, қолға алса, қалай болар еді.
Мәселен, белгілі әдебиетші-профессор Сәмен Құлбарақ не дейді? Ерекше ізденімпаз азамат Тәкен Молдақынов ше? Жазушы-драматург Елен Әлімжанның ойы қандай?
Тарихи жәдігерлердің жоқтаушысы Қуаныш Дәуренбеков те өз ойын айтса дейміз…

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support