- Advertisement -

«Өнер – таусылмас азық, сарқылмас байлық»

298

- Advertisement -

x_aNZRjp3fEӘнші Оңал Азаматованың «Тұман» атты ән кеші өтті

Әнсүйер қауымды ән қанатында тербетіп келе жатқан Оңал Азаматованы өңір жұртшылығы жақсы таниды. Оның өнерін құрметтейді. Өйткені, өнерді сүйген, бағалаған халық қашанда жақсы ән мен әншіні назардан тыс қалдырмайы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, республикалық «Шырқа, даусым!» ән байқауының, Қызылорда қаласында өткен «Базар жырау» атындағы республикалық термешілер додасының және өзге де көптеген өнер аламандарының жүлдегері Оңал Азаматованың «Баласағұн» орталық концерт залында «Тұман» атты ән кеші өтті.
Кеш барысында әнші «Қазақстан», «Тұман», «Қызыма», «Келерсің өзің» секілді өзге де тамаша әндерін тарту етіп, тыңдарман қауымның ризашылығына бөленді. Өнер кеші барысында Қырғыз Республикасының әртісі, Оңал Азаматованың құрбысы Динара Акулова, жергілікті әншілер: Ғани Мәтебаев, Маралбек Бабақұлов, Қайсар Көкішев, Сұлушаш Әбенова, Назима Үсенова сынды өзге де өнер иелері өз өнерлерін ортаға салып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Оңал Азаматованың шығармашылығынан сыр шеткен сазды кеш барысында оның өнердегі әріптестері, облыстық филармония әншілерінің шараға белсене қатысқаны көңіл қуантты. Сиқырлы сазға аңсары туған жұртшылық әншіге қосылып, тамаша шығармаларды бірге шырқап жатты. Бұл да әншінің өнеріне деген елдің ерекше құрметі болса керек. Концерт барысында Оңал Азаматова осынау өнер кешіне қолдау білдірген барлық азаматтарға, өнердегі құрбылары мен достарына, әріптестеріне, жалпы көрермен қауымға ризашылығын білдірді.
Концерт аяқталған соң әнсүйер қауым әдемі әсерге бөленгені соншалық, залдан шығуға асықпады. Иә, әдемі ән мен ерекше дауыс өнерсүйер қауымды тамсандырмай қойсын ба?! Әсерлі кештен осындай ой түйіп қайттық.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support