- Advertisement -

«Рухыңды ұлықта»

130

- Advertisement -

F04A0529тақырыбында облыстық акция өтуде

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында облыс əкімдігінің мəдениет, архивтер жəне құжаттама, Жастар саясаты мəселелері басқармалары бірлесіп, əрбір Қазақстан азаматының санасын рухани жаңғырту, тұрғындарды туған жерін сүюге және өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге шақыру, ұлттық рухани мұраны дәріптеу, сондай-ақ, Жамбыл атындағы Руханият орталығы туралы мағлұмат беру, келушілердің қызығушылығын арттыру мақсатында «Рухыңды ұлықта» атты акциясын өткізуде.
Акцияға қатысушыларды Руханият орталығында бір топ белсенді жастар мен облыс əкімдігінің мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенəлі Бықыбаев сәттілік тілеп, салтанатты түрде шығарып салды.
Байзақ ауданында басталған шараны Жамбыл атындағы «Руханият» орталығының меңгерушісі Ахметжан Өзбеков ашып, жүргізіп отырды. Онда экскурсовод Айніл Əбуəлі, облыстық кино орталығы директорының міндетін атқарушы Сайлаубек Лесбаев, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті филология факультетінің ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сейсекүл Исматова, жас ақын Арайлы Жақсылық, облыстық Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Арайлым Абдуалиева өз ойларымен бөлісіп, тұрғындарға Елбасы мақаласы мен онда қозғалған мəселелер, ұлттық құндылықтар жайында мол мағлұмат, терең түсініктеме берді. Аталмыш орталықтың жұмысы туралы баяндалып, Елбасы бағдарламалық мақаласының маңызы, 100 жаңа есім жобасы, жастардың жат ағымдарға еріп кету мəселесі, ескілікті салт-дəстүрлеріміздің жаңғыруы хақында салиқалы әңгімелер айтылып, пайымды пікірлер ортаға салынды. Бұл күні акция Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» əнімен түйінделгені де әдемі әсер сыйлады.
Ары қарай қатысушылар Тұрар Рысқұлов, Жамбыл, Жуалы аудандарына бет түзеп, ондағы жұртшылықпен де осындай сипаттағы келелі жиындар өткізді. Тұрғындар да игі шараға жоғары деңгейде атсалысуда. Алдағы күндері облыс орталығынан бастау алған керуен өңіріміздің өзге де аудандарын аралайды деп күтілуде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support