- Advertisement -

Адал еңбекке – көңіл толады

109

- Advertisement -

Адам баласы дүниеге келгенде бәрі бірдей болып көрінеді. Уақыт өте келе тағдырдың тәлкегіне шырмалып, кісіге әртүрлі мінез-құлық бітеді. Ал, үлгілі әке, абыройлы аға болу барлық жанға бірдей бұйырмаған.
Қылмыскерді түзетемін, олармен жұмыс жүргіземін дейтіндер де аз емес. Ер адамдар көбіне әскери қызметкер болуды армандайды. Сондай азаматтардың бірі – Ғалымжан Тілепов. Ол қазіргі кезде ЖД 158/4 мекемесінде тәрбие бөлімінің жасақ бастығы болып қызмет атқарады. Мекеменің карантин бөлімшесінде сотталғандарды бақылау, тәрбиелеу, түзету жұмысы барысында, алдыңғы қатарда жүріп, ең ауыр міндеттерді атқару, қоғамға түзелген азаматтарды жіберу маңызды деп санайды. Яғни, аталмыш мекемедегі тәрбие жұмыстары бөлімінің мойнына алған жүктері зор жауапкершілікті талап етеді. Әріптесіміз Ғалымжан бұл орайда тәжірибелі маман екенін таныта білді.
Негізі қай салада болмасын жұмыстың оңайы жоқ қой. Дегенмен де атап айтар болсақ сотталғандармен жұмыс істеу, тәрбие жұмысын жүргізу оңай емес іс екеніне ешкім де күмән келтіре қоймас деп ойлаймын. Тәрбие жұмысымен айналысатын адамдарға тек қатаң тәртіпті талап ету ғана емес, сондай-ақ, жан-жақты білім, адам жанына үңіле білетін қасиет болса артық етпейді.
Қылмыстық атқару жүйесіне кездейсоқ келген бірлі-жарым адамдар болмаса, бұл саладағы қызметкерлердің кез келгені өз жауапкершілігін сезінеді. Себебі жауапкершілік болмаса, бұл салада қызмет ету оңай емес. Темір тордың ар жағына түсіп жатқандармен жұмыс жүргізу шыдамдылық пен табандылықты қажет етеді. Осындай қасиеттерді Ғалымжан Тілеповтің бойынан да табуға болады. Ол бос белбеуді сынай алатын, мінезге бай, кейінгі інілерге үлгі бола білетін азамат.

Әсел Төлеген,
облыс бойынша қылмыстық
атқару жүйесінің ЖД 158/4 мекемесінің арнайы есеп бөлімінің инспекторы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support