- Advertisement -

ТарМПИ университет атанды

146

- Advertisement -

Жуырда ғана өзінің 50 жылдық мерейтойын тойлаған Тараз мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қазандағы бұйрығымен бұрынғы Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті болып өзгерді. «Елу жылда ел жаңа» демекші, бұл білім ордасы үшін үлкен жетістік. Оқу орнының тұңғыш ректоры – Машрап Абжанов. Осы кезге дейін білім ордасын 11 ректор басқарған. Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы Дария Қожамжарова ТарМПИ-ді 3 жылдан астам уақыттан бері басқарып келеді.
Университетте бүгінде 7 факультет, 26 кафедра бар. 29 бакалавр мамандығы бойынша мұғалімдер даярлайды. Мұнда қазір 6 мың студент білім алады. Оларға 15 ғылым докторы, 200 ғылым кандидаты, 95 РҺD және 500-ге жуық оқытушы дәріс береді. Облыста 451 мектеп директоры бар болса, 200-і осы білім ордасының түлегі екен. Әр жылдары университет қабырғасынан аса талантты шәкірттер көп шықты.
Мәртебең биіктей берсін, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті!
Білікті ұстаздар даярлау жолындағы қызметтеріңіз абыройлы болғай!

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support