- Advertisement -

«Болашақ» шәкірт терінің болашағы зор

162

- Advertisement -

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы барлық білім мекемелерінде қызу талқыға түсіп, қолдау табуда. Бұл құжаттың мазмұнын оқытушы, мұғалімдерден бастап шәкірттерге дейін терең түсініп, әр бағытына терең мән беріп отыр. Сананы жаңғыртып, жаңаша ойлауға бейімделуде. Біз оны облыс әкімдігі білім басқармасы соқыр және нашар көретін балаларға арналған «Болашақ» арнайы мектеп-интернатында өткен «Рухани жаңғыру – ұлттық өрлеудің жарқын жолы» атты облыстық семинар барысында аңғардық.
Семинар барысында ашық сабақтар, түзету және ашық тәрбие сабақтары өткізілді. Осы сабақтарды өткізу барысында Тамара Баймырзаева, Зәуреш Әліпбаева, Динара Садықова, Айжан Калякберова секілді ұстаздардың шеберлігі бағаланды.
Мұнан соң «Рухани жаңғыру – ел болашағы!» атты концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды. О, тоба! Онда көзі көрмейтін немесе нашар көретін балалардың өнері тәнті етті. Алдымен олар еліміздің кешегі тарихы мен бүгінгі нұрлы өмірді сабақтастырып театрландырылған көрініс қойды. Мұнан соң оқушылар хоры орындаған «Біз – Отанның ұланымыз» патриоттық әні де, облыстық өнер байқауының жеңімпаздары «Салтанат» бишілер тобының «Попурри» биі де көпшілік көңілінен шықты. «Бауырлар» триосы орындаған «Мен – қазақпын» әні, республикалық «Жұлдызай» фестивалінің жолдамасының иегері Нұрсұлу Тұрғалиева орындаған «Қорқыт – қобыз» әндері жүректерге жетті. Концерт барлық оқушылар қосылып шырқаған Ескендір Хасанғалиевтің ақын Қадыр Мырзалиевтің сөзіне жазылған «Атамекен» патриоттық әнімен аяқталды. Осы сәтте бүкіл көрермен орнынан тұрып құрмет көрсетіп, патриоттық әнге еріксіз қосылып кеткендерін де сезбей қалды.
Бұл шараны аталған мектеп-интернат директоры Гүлзира Тойшыманова сөз сөйлеп қорытындылады.
Жалпы, 105 зағип оқушы білім алатын білім ордасында жеңіл атлетикадан ел біріншілігінің чемпиондары, ән байқауының жеңімпаздары бар екен. Көзі зағип оқушылардың биік мақсатқа ұмтылуы он екі мүшесі бүтін адамдарға үлгі болары анық.

Есет ДОСАЛЫ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support