- Advertisement -

Дәрігерлеріміз Кореяда білімін жетілдіреді

56

- Advertisement -

Облысымызға Корея Республикасындағы «Severance–KZ» Халықаралық медициналық қоғамдық қорының президенті Лариса Ан ханым келді. Осыған орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтің қатысуымен Тараздағы №1 қалалық аурухананың мәжіліс залында медицина саласының өкілдерімен жиын өтті.

Жиынды облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков ашып, елімізде медицина саласын дамытуға қатысты шаралардың белсенді жүріп жатқанын, бұл ретте халықаралық деңгейдегі мүмкіндіктерге де сүйенетінімізге тоқталып, өңірімізге келген кореялық өкілге сөз берді.
Лариса Ан осында келгеніне қуанышты екенін айтып, Корея еліндегі медицина жетістіктеріне арнайы слайдтар арқылы тоқталды. Оның ішінде «Severance-KZ» Халықаралық медициналық қоғамдық қорының мүмкіндіктерін кеңінен атап өтті. Біздің өңірдің дәрігерлеріне шетелде, әсіресе, Кореяда білімін жетілдіруге мол мүмкіндік бар екеніне көпшіліктің назарын аударды.
Мұнан соң кореялық өкіл көпшілік тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Бұдан кейін облыс әкімдігі мен Корея Республикасындағы «Seve-rance-KZ» Халықаралық медициналық қоғамдық қоры арасында әріптестік байланыс жөніндегі меморандумға қол қойылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков осында арнайы келген Лариса Ан ханымға және жиналған көпшілікке алғысын білдірді.

Есет досалы,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support