- Advertisement -

Биік мақсаттарға жетелейді

111

- Advertisement -

Қазақстан жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Саяси-экономикалық жаңғыру өз алдына, елдің рухани өмірін елеулі өзгерістер күтіп тұр. Үстіміздегі жылдың 12 сәуірінде Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жариялап, ұлттық сананы жаңартып, рухани жаңғырудың қыр-сырын тізбектеп көрсетті. Тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын айқындап берді.
Елбасы ұлттық сана мен ұшқыр ой, білім мен бәсеке, прагматизм мен ұлттық бірегейлікті сақтау қағидаттарын айқын ұсынды. Дамудың діңгегі рухани байлықтардан басталары хақ. Ол мәдени, тарихи құндылықтармен сабақтасады. Демек, оны жаңғырту – заман талабы. Бұл өркениетті елдер қатарына қосылу үшін де маңызды. Мақаланың мақсаты да сол – қоғамға рухани серпіліс беріп, оны заман көшіне ілестіру.
Жастардың, әсіресе, студент жастардың, интеллектуалды көрсеткіштері олардың тек білім деңгейімен ғана өлшенбейді. Сонымен қатар, олардың рухани жаңғыруымен кемелдене түседі. Рухани жаңғыру – әрбір жеке тұлға үшін оның тәрбиесі, ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухани тамырынан нәр алған құндылықтары мен оның жаһандық өзгерістерді дұрыс бойына сіңіруі.
Осы орайда облыстық білім басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында 2017-2018 оқу жылынан бастап техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің 1 және 2 курстарының оқу жоспарларына «Тарихи өлкетану» арнайы факультативтік курстарын енгізіп отыр.
Тарихи өлкетану курсы білімгерлердің Қазақстан тарихы, география сабақтарында алған білімдерін кеңейтуге, тереңдетуге, ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ескерткіштері туралы білім қалыптастыруға, өлкенің тарих және мәдени ескерткіштерін өз бетімен ғылыми-зерттеу тұрғысынан танып білуге, туған өлкеден шыққан тарихи тұлғалар: билер, батырлардың ерлік істері, өнегелі өмірі туралы білуді үйретеді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің базасында ағымдағы жылдың қазан айында «Жас Өркен» атты рухани дамыту орталығын ашу жоспарлануда. Сонымен қатар, биылғы оқу жылы колледжде көркемөнер бағытында «Ұлытау», туристік өлкетану бағытында «Жібек жолы» атты үйірмелер, мұражай өз жұмысын бастап кетті.

Әлия Садықова,
Жамбыл экономика және ақпараттық
технологиялар колледжінің әдіскері,
тарих пәні оқытушысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support