- Advertisement -

Облыс мерейін асқақтатқан оқушы

92

- Advertisement -

сіз абай мен шәкәрімнің 318 өлеңі мен
3 поэмасын жаттай аласыз ба?

Без-имени-2Дәстүрлі
XVIII Абай оқулары республикалық байқауында облыс намысын қорғаған Меркі ауданы Савва атындағы
№9 орта мектептің 11-сынып оқушысы Айдана Есмағамбетова
бас жүлдені жеңіп алды.

Облыста өткен «Өлең – сөздің патшасы» атты байқауда Айдана Абай атасының екі жүзге жуық өлеңін, 3 поэмасы мен бес қара сөзін жатқа оқып, бас жүлдені иеленіп, республикалық байқауға жолдама алса, енді міне, республика бойынша дарынды 90 үміткер қатысқан сында Абай Құнанбайұлының 200, Шәкәрімнің 118 өлеңін, үш поэма, оннан аса қара сөзді жатқа айтып, өзінің дарындылығын дәлелдеп, тағы да бас жүлдеге ие болды.
– Шәкіртіме ризамын, – дейді мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гаухарай Жұматаева.
– Есте сақтау қабілеті өте жоғары, өлеңді жатқа айтып қана қоймай, оның түпкі мағынасына үлкен мән береді, оны жан-тәнімен сезіне біледі.
Абай мен Шәкәрімдей ұлы тұлғалардың үш жүзден аса өлеңін, бірнеше поэманы жатқа айтатын Айдананың алар асуы әлі алда деп сенеміз.

Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support