- Advertisement -

Жақиянов Барнетті жеңе ала ма?

102

- Advertisement -

Кәсіпқой рингте ZZ лақап атымен әйгілі болған жеңіл салмақтағы жампозымыз Жанат Жақияновтың 21 қазаннан 22 қазанға қараған түні біріккен тұжырымдар бәсекесін өткізетіні белгілі. Солтүстік Ирландия боксшысы Райан Барнеттпен қолғап түйстіретін қазақстандық саңлақ шайқасқа тас-түйін дайын. Бұл жекпе-жекте Райан Барнетт өзіне тиесілі IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын бәске тіксе, Жанат WBA (super) тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуін ортаға салады. Осылайша, жеңімпаз екі бірдей чемпионды белбеуге ие болады.
Жанат букмекерлік кеңселердің алдын-ала болжауынша қағаз жүзінде аутсайдер саналғанымен боксшының менеджерлері қазақстандық саңлақтың жеңіске жететінін айтып отыр. Тіпті, отандасымыздың жаттықтырушысы Рикки Хаттон Райанды бұрын жаттықтырғанын, оның барлық осал тұстарын бес саусағындай білетінін, алдағы шайқаста оны үлкен қауіп күтіп тұрғанын, Жанаттың жарқын жеңіске қол жеткізетінін жайып салды.
Жекпе-жек Барнеттің тарихи Отаны саналатын Ирландияның Белфаст қаласында өтеді. Бұл шайқаста Жанат жеңіске жеткен жағдайда оның кәсіби мансабы қалай өрбімек? Бұл туралы Жақияновтың менеджері Филип Фондю өз ойымен бөлісті. Оның айтуынша Жанат Жақиянов алдағы кездесуде жеңімпаз атанса, әрмен қарай WBC тұжырымының және өзге де тұжырымдардың чемпиондарымен жекпе-жек өткізетін көрінеді. Сондай-ақ, ол қазақстандық боксшы алдағы уақытта Қазақстанда бокс кешін өткізуі мүмкін екенін де айтып берді. Аталмыш бокс кешін «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде таратуды жоспарлап отыр.

 Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support