- Advertisement -

Екпе салдыру – саулығыңа себеп!

153

- Advertisement -

Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов Тараздағы №5 қалалық емханада болды. Ғалымжан Райылұлын мұндағы жұмыс барысымен емхананың бас дәрігері Динара Сәрсенова таныстырды. Емхана қазіргі таңда 61635 келушіге қызмет көрсетеді. 444 адам еңбек ететін денсаулық сақтау мекемесінде 106 дәрігер, 240 мейірбике уақытпен санаспай тұрғындардың денсаулығын жақсарту жолында тер төгуде. Емхана 9 түрлі бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Барлық кабинеттер заманауи қондырғылармен жабдықталған. Осы емдеу мекемесі «Кезексіз емхана» жүйесі бойынша облыста үздік деп танылған екен.
Ғалымжан Әбдірайымов пен облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов осы емханадан тұмауға қарсы екпе салдырды. Ол қала тұрғындарын тұмауға қарсы екпе салдыруға шақырып, денсаулық әр адамның байлығы екенін атап өтті. Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары емханада атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толғанын айтты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support