- Advertisement -

Фируза Шарипова енді Алматыда жұдырықтасады

85

- Advertisement -

Қазақ арулары арасынан шыққан тұңғыш кәсіпқой боксшы, WIBA, WBU тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, жерлесіміз Фируза Шарипова келесі жекпе-жегін Алматыдағы «Алматы Арена» спорт кешенінде өткізетін болды. Шайқас 17 желтоқсанға жоспарланған. Басты жекпе-жекте қазақстандық боксшы екінші жартылай жеңіл салмақта сынға түсіп, чемпион атануды көздейді. Егер осы шайқаста Фируза жеңіс тұғырынан көріне білсе, ол арулар арасында елімізден шыққан тұңғыш екі салмақтағы әлем чемпионы атанып, тарихқа түзету енгізеді.
Фируза бұған дейін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өткен бокс кешінде болгар қызы Милена Колеваны ұтып, әлем чемпионы атанған болатын. Оның ендігі арманы – өзге салмақтарда топ жару. Бұл туралы Фирузаның менеджері Сергей Завилейский де тіліне тиек еткен. Жамбылдық боксшының желтоқсандағы жекпе-жекте кіммен жұдырықтасатыны әзірге белгісіз. Ең бастысы өз елімізде өтетін шайқаста Фирузаның көк Туымызды көкте желбірететініне сеніміміз мол. Алғаш Қанат Ислам сынды саңлақтың мерейін тасытқан «Алматы Арена» спорт кешеніне жиналатын жанкүйерлер Фирузаны да қолдаусыз қалдырмасы анық.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support