- Advertisement -

Жылыту маусымына толықтай әзір

86

- Advertisement -

Күз айы белортаға жуықтап, қатқақ суықтың сызы айқын сезіле де бастады. Әсіресе, орталықтандырылған жылу жүйелеріне қосылған тұрғын үйлер мен мекемелерге жылу жеткізілуі қажеттілігі туындады. Осыған байланысты жұмыстар жер-жерде қызу жүзеге асырылу үстінде.
Жалпы, облысымызда тиісті заңнамаларға сәйкес жылыту кезеңінің ұзақтығы 164 тәулікке есептелінген. Бүгінде өңірдегі барлық бюджеттік сала нысандары, сондай-ақ, көп пәтерлі тұрғын үйлер қысқы жылыту маусымына толықтай әзір етілді. 3213 әлеуметтік нысан мен көп пәтерлі үйдің 3132-сі, яғни 97 пайызы жылу көздеріне де қосылып отыр. Тараз қаласында үстіміздегі жылдың 7 қазанынан бастап жылу беріле бастады. Ал Жаңатас, Қаратау және Шу қалалары бойынша жылыту 10 қазанға белгіленген.
Бюджеттік мекемелер мен тұрғындар жылытудың қажетті көлемімен қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні бюджеттік мекемелерге – 69,9 мың, жеке тұрғындарға 239,8 мың тонна көмір жеткізіліп берілді. Жылу берілуіне қатысы бар Тараз қаласындағы «Жамбыл ГРЭС» АҚ үш блоктық режімде 475 МВт электрлік жүктемемен жұмыс істеуде. №1, 2, 4-ші электр блоктарының бір сағаттық жұмысына 140 мың текше метр газ жұмсалады.
Ал «Таразэнергоорталығы» АҚ-да №3 бу қазандығы мен №1 бу турбинасы 13 МВт/сағат электрлік жүктемемен жұмыс істеуде. Мұнда жылыту кезеңіне 115 750 мың текше метр газ жұмсалынуы жоспарланған. Сондай-ақ, облыстың жылу өндіруші және жеткізуші кәсіпорындарында 5298 тонна қосымша отын (мазут) қоры жинақталып отыр. Бұл белгіленген көлемнің 60 пайызын құрайды.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ұлттық қор есебінен «Шу-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының орталық қазандығын жаңғырту» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілу үстінде. Бүгінгі күні бұл мақсатқа бөлінген қаражаттың 190,0 миллион теңгесі, яғни 67,9 пайызы игерілді. Құрастыру жұмыстары мерзімінен бұрын мәресіне жетіп, үш жаңа қазандық орнатылды.
Жылыту кезеңінің ойдағыдай жүзеге асырылуы мол отын қорына да байланысты екені белгілі. Осыған орай, Ақыртөбе жерасты газ сақтау қоймасында 25-28 тәулікке жететін 133,5 миллион текше метр көлемінде қосымша табиғи газ отынының қоры жинақталып отыр.

Князь ТҰРТАЕВА,
облыс әкімдігінің энергетика
және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы жылу энергетика бөлімінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support